Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

 

 

Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардыңнені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады.  Сонымен қатар, жекелеген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі сынып аясында білім беру бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.

Оқу бағдарламасында пән бойыншаоқушылар әр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік, дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осыоқу мақсаттарындабілім беру бағдарламасының әр сыныпқаарналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттарыбөлімдерменбөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасыспиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.

Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:

  • пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым;
  • дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мәлімет;
  • пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялартуралы түсініктеме;
  • бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу;
  • бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *