Осыдан 240 жыл бұрын (1769-1844) орыс жазушысы, ақын, мысалшы, Санкт-Петербор Ғылым Академиясының академигі КРЫЛОВ Иван Андреевич дүниеге келді. Мәскеу қаласында туған. Крылов орыс әдебиетінде мысал жанрын биік сатыға көтерді. Өткір де айшықты тілімен, әжуа, сықағымен ерекшеленетін 200-ден астам мысал жазды. Шығармаларында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды шенеді. «Рухтар поштасы» сатиралық журнал шығарды. Көптеген пьесалар мен либреттолардың авторы. Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан деп хабарлайды Қазақпарат.
Осыған орай, «Абай-ақпарат» оқырмандарына Иван Крыловтың «Ворона и Лиса» атты мысалы мен оның қазақ тіліндегі үш нұсқасын беруді жөн санап отыр.
Иван Крылов |
|
|||||||||
Ворона и Лисица
Осыдан 240 жыл бұрын (1769-1844) орыс жазушысы, ақын, мысалшы, Санкт-Петербор Ғылым Академиясының академигі КРЫЛОВ Иван Андреевич дүниеге келді. Мәскеу қаласында туған. Крылов орыс әдебиетінде мысал жанрын биік сатыға көтерді. Өткір де айшықты тілімен, әжуа, сықағымен ерекшеленетін 200-ден астам мысал жазды. Шығармаларында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды шенеді. «Рухтар поштасы» сатиралық журнал шығарды. Көптеген пьесалар мен либреттолардың авторы. Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан деп хабарлайды Қазақпарат. Осыған орай, «Абай-ақпарат» оқырмандарына Иван Крыловтың «Ворона и Лиса» атты мысалы мен оның қазақ тіліндегі үш нұсқасын беруді жөн санап отыр.
|