АМАНГЕЛДІ ГАЗ-КОНДЕНСАТ КЕНІ

АМАНГЕЛДІ ГАЗ-КОНДЕНСАТ КЕНІ, Жамбыл обл-нда, Жамбыл к-нан солтүстікке қарай 165 км жерде орналасқан. Газ-конденсатты құрылым сейсмикалық зерттеулер арқылы 1974 ж. анықталған, 1975 ж. терең іздеу ұңғымасынан газ фонтаны атылған. Төменгі пермь өнімді қабатындағы құрылымның өлшемі 13,5×7 км, қалыңд. 400 м шамасында. Өндірістік маңызды газ горизонттары төменгі пермь-төменгі карбон шөгінділерінде түзілген. Газ кені қабаттанған құрылымның биік төбешіктерінде шоғырланған, коллекторлары құмтастан, алевролиттен, әктастан тұрады. Олардың кеуектілігі 10 — 22% аралығында өзгереді. Бастапқы қабаттық қысым 21,3 — 24,8 мПа, ұңғыманың тәуліктік өнімд. 213,4 мың м3-ге жетті. А. г.- к. к. өндіруге толық дайын (1998).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *