Елімізде 800 шақырым сумен жабдықтау желісі жаңғыртылады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, тұрғындарды сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету үшін инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда. «Ағымдағы жылғы алты айда 800 шақырым сумен жабдықтау мен су тарту желісі жөнделеді. Бұдан басқа, өңірді газдандыру үшін 13,7 млрд теңгелік 21 жоба іске асырылады», — деді ол. Жалпы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ағымдағы жыл соңына дейін жұмыс орнын құру бойынша 1,2 млн азамат қамтылады. «Бұдан басқа, 2 млн жұмыс орнын және тұрақты еңбекақы төлеуді сақтау үшін әкімдердің, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың арасында 140 мың меморандум жасалды. 1,1 млн адам жұмыс істейтін 1 мың ірі кәсіпорыннан еңбек ресурсының ауыстырылуын басқару жөніндегі жол карталары бекітілді», — дейді Экономика министрі.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/243932-elimizde-800-shaqyrym-sumen-dgabdyqtau-dgelisi-dganhghyrtylady
© egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *