Жүгіру – иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады.
Аяқ жерге тигенде қарсы соққы пайда болады да, ол қан тамырлары арқылы қанның жоғары қарай ауысуына себепші болады.
Жүгіру кезінде бауыр мен ішектердің жұмыс істеу қабілеттерін арттырады.
Жүгіру кезінде қанның жүру көлемі ұлғаяды.
Жүректің әсерімен жүрек еттерінде және аяқ еттерінде ұсақ қан тамырларының саны көбейеді.
Жамбас пен кеуде жасушасының қозғалысы бауырдың, асқазан астындағы бездің, ағзаның жұмысын жақсартып, ас қорыту жолдарының жұмысын белсенді етеді.
Жаттығу және күйзеліс кезінде пайда болған қан қысымының көтерілуін азайтады.
Қан қысымын реттейді.
Семіру қаупін азайтады.
Миға оттегінің тасымалдануын жақсартып, зейінді қуаттандырады.
Тыныс алу жүйесін жақсартады.
Буын және бұлшық еттердің белсенділігін арттырып, бел және мойын ауруларына пайдалы болып табылады.
Сүйектердің қатаюын, төзімділігін арттырады.
Ұйқысыздықтан арылтып, арықтауға жол береді.
Қартаю процесін тежейді.
Мән беруі керек болған ережелер:
Жүгіргенде арықтау үшін нейлон іспетті киімдер кимеу керек.
Жүгіруді бастамас бұрын қант диабеті, жоғары қан қысымы және өзге де аурулары бар адамдар дәрігердің бақылауынан өтуі керек.
Тамақ ішіп болған соң өте қарқынды жылдамдықпен жүгірмеу керек.
Жүгіргеннен кейін салқын су ішпеу керек.
Жұқа табанды, мокасин аяқкиімдермен жүгірмеу керек.
Күннің аптаған ыстығында ұзақ уақыт жүгірмеу керек.
Просмотр: 131