Қателіктер

Өкінішпен баса алмайсың өткеніңді.
Қиялдайсың, көп іздейсің күткеніңді.
Амалсыздан тарығып оңашада,
Сағынасың ерте-кеш кеткеніңді.

Қателіктер тудырады сұм өмірді,
Ауыстырар кеудедегі сұр көңілді.
Менен де мың қателік кеткен екен,
Ақтарсам аштылары көп төгілді.

Қателікпен қабылдаймыз әр нәрсені.
Қателіктің соңында барма шегі…?
Қиын ауыр қателіктер өршіктіріп,
Жазықсыздан шығады алар кегі.

Анық басып байқасам да қателесем.
Қамығамын қайта-қайта қателесе.
Біле білсең бәрінен де қате кеткен.
Өзгереді тағдырымыз қателіктен.

Қателіксіз өмірді елестеткен,
Ақымақты көресің қателескен.
Қиналамыз,бітпейтін қате неткен?!
Қателікке қоямыз қате нүкте.

Қателікті емдейтін амал бар ма,
Қателіктен көз ашпайтын адамдарға?
Қателікті көретін де,жазатын да,
Кешіретін тек біреу, Алла ғана.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *