АМАНГЕЛДІ (бұрынғы Батпаққара) — ауыл, Қостанай обл-ның оңт.-шығысындағы Амангелді ауданының орталығы. Облыс орт. — Қостанай қ-нан 500 км жерде, Жалдама өз-нің Торғай өз-не кұяр оң жағасында сортаң топырақты бидайық аралас әр түрлі шөпті, жусанды, бетегелі шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 5,0 мыңнан астам адам (1997). Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, мәд. үйі, Амангелді мұражайы, орта мектеп-интернат, кәсіптік-тех. уч-ще, аудандық радиоторап, газет баспаханасы, аурухана бар. Тұрғындары Қостанай және Арқалық қ-ларымен, сондай-ақ өзге елді мекендермен автомоб. жолдары арқылы қатынасады.