Дәріс өткізуге қойылатын талаптар


Дәріс өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:

1.Түсіндірілетін сауалдардың айқын құрылымға ие болып, бірізділікпен ашылуы;

2. Теориялық жағынан айқын маңызды проблеманы көтеру;

3. Алдыңғы өтілген сабақтың материалымен байланыстылық;

4. Сенімді мысалдар, фактілердің келтірілуі;

5.Оқушылардың қызығушылығын туғызып, дербес жұмыс істеуге бағдар беру;

6.Оқу материалының бала ұғымына сай әдістемелік өңделгенін таныту;

7. Оқу материалы балаларға ұсынылған -дыбыс, -бейне, жазбалармен, үлгі, көрнекілікпен үйлесуі шарт;

8. Балаға түсіндірілетін терминдер мен ұғым-түсініктердің үлестірме материал ретінде алдын ала таратылып беруі түрінде болып келеді.

Мектептегі дәрістегі ең бастысы – ой мен жүйелілік, түсіндірілетін сауалдың қызықты тұсын көрсете білу, қысқа да, нақ, тез есте сақталатын түйіндеме жасау, оқушылардың өрелік деңгейінің артуына, бала назар аударуының мұғалім ойымен ілесіп отыруына қол жеткізу болып табылады.



Ұлттық мектеп дәрісінің құрылымы негізінен төмендегідей бөліктерден тұрады:

1.Кіріспе – өтілетін тақырып, оның жоспары, үйден оқып, қосымша ақпарат алатын әдебиеттер анықталады.

2. Негізгі бөлім (10-20 минуттық баяндау) – сабақ тақырыбының ғылыми мазмұны мен негізгі мәселелері түсіндіріліп, дәлелдеулер жүйесі келтіріледі.

3.Қорытынды:



  • мұғалім сабақ тақырыбын қайыра бір еске салады;

  • оқу материалының негізгі түйінін ұғындырады;

  • қойылған сауал тұжырымдалады;

  • мұғалім шағын қортындылау жасап, қойылған сауалдарға жауап береді.

Мектепте оқылатын дәрісті даярлау құрылымы төмендегідей:


Мақсат



Міндеттер

Мазмұн

Әдістер

Амалдар

Формалар

Тапсырма


13-сурет.

Мектепке арналған дәріс сабақты жоспарлау құрылымының үлгісі жалпы түрде мынадай болып келеді:


Тақырып:

Мақсат:

Дәрістің дидактикалық, ғылыми, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері:

-оқушыларға заманалық, тұтас, өзара байланысқан білім деңгейін нақты тақырыпқа байланысты бере білу;

-танымдық, зерттеушілік ғылыми дағды мен машықты қалыптастыру;

-дәріс үстінде оқушының мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын қамтамасыз ету;

-оқушыларды оқытылатын пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-оқушылардың математика пәні бойынша өз бетімен дербес шығармашылық ойлауын дамыту;



Түйінді сөз: мысалы, жиын, функция, теңдеу, логарифм, т.с.с.

Жоспар:

Дәріс міндеті:

1.

2.

т.с.с.



Әдебиеттер:

Білім беру әдістері — баяндау, әңгімелесу, жаттығу (есеп шығару)

Білім беру формалары — проблемалық дәріс, шағын топпен, дербес, топтық жұмыс.

Білім беру құралдары – оқулық, слайд және т.б.

Материалдық қамтамасыз ету – әдебиеттер көрмесі, үлестірме материалдар және т.б.

Тексеру тәсілі — мини-тест, бақылау жұмысы, ауызша сұрау, т.б.

Дәрісте қойылатын сауалды уақыттық жағынан жоспарлау:

І. Кіріспе бөлім – 2 мин.

ІІ. Негізгі бөлім – 10-15 мин.

ІІІ. Қорытынды бөлім – 3 мин. Мұғалім бір сыныпқа бөлінген өзінің 45 минут уақыттын осылайша тиімді пайдалана алады. Қазіргі педагогикада дәрістің 4 фазасының өтуі былайша уақытпен беріледі:


    1. Қабылдаудың басталуы – 4-5 минут;

    2. Қабылдаудың белсенділігі 24-30 минут;

    3. Тырысу фазасы – 10-15 минут;

    4. Жалығу фазасы.

Мектептегі дәріс ауқымында 3 немесе одан көп сауалдар алынып, балалардың тез жалығып кетпеуіне жағдай жасалынады.

Мектеп мұғалімінің дәріске дайындалу кезеңдері мынандай:

1. Мазмұндық мәтінді толық жазу;

2. Оның негізінде жұмыс конспектісін (тірек сөз, кестелі ой) жасау;

3. Психологиялық жақтан өзін бекемдеу.



Дәрісті жоспарлаудың технологиялық картасы


Мұғалімнің іс әрекеті

(Не айтамын)


Оқушының іс әрекеті

(Не істеймін)


Сыныпты топқа бөлу

Жазу


Оқулықпен жұмыс істеу

Шағын топпен жұмыс жасау

Сұрақ қою

Әдебиеттерді жазғызу

Үй тапсырмасын беру және т.б.


Топқа бөліну

Жазу


Оқулықпен жұмыс

Шағын топпен жұмыс жасау

Сұрақтарға жауап беру

Әдебиеттерді жазып алу

Үй тапсырмасын жазып алу және т.б.



Мектепте оқылатын дәріс сабақты өткізудің психо-педагогикалық нұсқаулығын төмендегідей:

  • Шегініс. Балалардың зерігіп, жалықпауы үшін қолданылады:

  • шегініс жеңіл сипатта күлкілі жағдай тудырып, сыныпты сергітуі шарт;

  • тақырыпқа сай күлдіргі әңгімелер айтылады (мысалға, Ньютонның басына алма құлағаны);

  • шегініс 2-3 минутқа созылады.

  • Егер сіз толқып тұрсаңыз, онда жымиып алсаңыз, толқуыңыз сейіліп, сабақты одан әрі жеңіл жалғастырып кете аласыз.

  • Оқу материалының мазмұнымен байланысты оқушыларға дәнекер сауалдар қою. «Сауалды жақсы қою дегеніміз – оны жарым жартылай шешу»,- дейді Д.И.Менделеев. Өйткені, ұстаз көбіне өзі қойған сауалға өзі жауап береді. Сауалдар кезектестікпен қойылып, оқу тақырыбының мазмұнын жүйелікпен ашып отыруы керек.

  • Ұстаз өзін оқушылардың ойлау әрекетінің басқарушысы екендігін есінен еш шығармауы керек. Балаларды тақырыптан ауытқытпай, сауал төңірегіне үйіре білуі қажет.


Мектепте оқылатын дәріс сабақтың эмоциялық

сипатының қалыптасуының алгоритмі (14-сурет)

А

Ә
1

Б

В


Шегініс



Қандай нақты материалға


Қандай нақты материалға



Эпитет, теңеу, ұқсастық


Дәрістің қай жерінде



Дауыс екпіні



Қай сәтте қолдану



Ишарат (ым)




Қай ақпараттан кейін



Жымию


Құптау



Қай іс-әрекетті құптау



Шығармашылық ахуал


14-сурет.




  • Дәріс қисынды құрылып, дәлелді болуы шарт.

  • Дауыстың өзгеруі. Дәрістің ең маңызды тұсында баланың назарын өзіне аудару үшін ұстаз дауысын құбылтады. Белгілі бір сөзге ерекше екпін түсіреді.

  • Интервал. Сөзді оқушылар құлықты болып түсінуі үшін қолданылады. Өйткені, оқу ақпаратының алынуы сөйлеудің қарқынына байланысты болып келетін есте ұстаған жөн.

  • Пауза. Сөзді балаларға түсінікті болу үшін үзу. Ең басты терминге назар аударту үшін ұстаз осы тәсілге жиі жүгінуі шарт.

  • Ишарат. Тек сөзбен ғана емес, әсем қимыл қозғалыспен де баланың көңілін өзіне аудартуға болатынын дәріс үстінде үнемі есте ұстау.

  • Көрнекілік қолдану. Дәрістің оңай қабылдануына өз септігін тигізеді.

  • Балалардың іс-әрекетін қолдап, «Жарайсың!», «Менің ойымдағы айта білдің», «Өте дұрыс» деген қолпаштаулар сабақтың табысты өтуіне өз көмегін тигізеді. Ұстаз баланы мақтаудан аянып қалмауы керек.

  • Шығармашылық ахуал тудыру. Дәрісте баланы өз бетімен ойлауға жетелейтін «Кәне, еске түсіріп көрелік?», «Шешімін кім бірінші табар екен?» деген сияқты сөздер қолданылуы керек.

Осындай психо-педагогикалық амалдардың жиынтығы оқушыларға ғылыми ақпаратпен қоса кең интеллектуалдық өріс сыйлады.

Жаңартпашылық мектептердегі дәрісті білім беру формасы ретінде ұйымдастырудың күшті және әлсіз тұстары мына кестеде көрсетілген.



Күшті тұсы

Әлсіз тұсы

Аз уақыт ішінде мол білім беру

Игерілген білімнің жүйелілігі

Оқулықта жоқ ақпаратты білгізуі

Бірлесе шешім табуға жетелеу

Шығармашылық жұмысқа баулу


Оқушылардың енжарлығы

Оқушылардың әр түрлі қабылдауы

Жаңартпашылық мектептің мұғалімінің басты міндеті – дәрістің әлсіз тұстарын барынша азайтуға күш-жігерін салу болып табылады [79].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *