ТІЛГЕ КӨЗҚАРАС – ЕЛГЕ КӨЗҚАРАС…

Ел тәуелсіздігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» деп адамның, қоғамның болмысына бір-ақ ауыз сөзбен сипаттама берген. Биыл Ассамблея 25 жылға толды. Ширек ғасырда Елбасымыздың бірлік пен ынтымақты сақтау жолында сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының елімізді қалыптастыру мен дамыту жолындағы қажырлы еңбегін көрсетуге арналған «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасын бастадық.

Бұл жоба елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алып, Елбасы өмірге келіп, азамат атанған Алматы облысының Үшқоңыр баурайында және еңбек жолын бастап, қайраткер ретінде қалыптасқан Қарағанды, Теміртау қалаларында жалғасын тапты. Жалпыхалықтық экспедицияның еліміздің әрбір азаматы үшін тағылымы мол. Әсіресе, өмірлік ұстанымы қалыптасқан, қоғамдық белсенділік танытқан, мәдениет пен әдебиетті, тіл мен ғылымды басты бағдар етіп алған жастарымыз үшін Елбасының жүрген жолы – тәжірибесі де, тәлімі де мол өмір мектебі.

Қанша айтылса да көптік етпейтін, қай ­кезде де құндылығын жоғалтпайтын тіл мә­селесі бүгін де сөз болмақ. Басқосуымыздың мақсаты – Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың респуб­ликалық «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ хал­қының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхба­тындағы мәселелер туралы ой бөлісу, болашақ қызметімізде басшылыққа алу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы республиканың өркендеуіне әсер ететін саяси-экономикалық даму мәселе­лерімен қатар, қазіргі ең өзекті болып отырған пандемия кезеңіндегі халықтың жағдайы, демографиялық өсу, тіл, халықты әлеуметтік қолдау сияқты мәселелерге басым мән береді. Өз пікірін білдіре отырып, көпке ой салады.

«Ана тіліндегі» сұхбаттың әлем тіршілігіне, дамуына кері әсер етіп отырған пандемиядан басталуы заңды. Соңғы көрсеткіштерден үрейленіп қалған халқына бар жағдайды ашып айтып, кеңес беріп, «Біз біргеміз!», «Кемедегінің жаны бір» деп басу айтылуы көңілдерде сенім ұялатады.

Президенттің сұхбатында адамзат басынан өткен тарихи сәттер, заманауи фактілер мысалға келтіріліп, халық санасын қозғайтын ойлар айтылған. Оларды елге жеткізуде, іске асыруда бізге үлкен міндеттер жүктеледі.

Мемлекеттік тілдің елді біріктіріп, ұйыс­тырушы фактор ретіндегі рөлін арттыру жұмысы жедел қолға алынуы керек. Бұл ретте бізге әр этнос ішіндегі ақылгөй, парасатты, идеялы азаматтарымыз ең үлкен көмекші болады деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *