Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген Нұрсұлтан WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacifі титулдарын қорғауы керек болған. Sports.kz мәліметі бойынша, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Төреші жекпе-жекті 7-раундта тоқтатуға шешім қабылдады. Жеңіс Сэнди Мессаудқа бұйырды. Атап өтілгендей, қазақстандық спортшы екінші раундта нокаутқа түскен, ал үшінші кезеңде оның қабағы жарақаттанған. Қазақстандықтың мансабындағы алғашқы жеңілісі оны бірден үш атақтан айырды. Айта кету керек, Нұрсұлтан ауыр салмақта өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айдос Ербосынұлының үш титул үшін күресте жеңіске жеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы кезекті титулдарын қорғады. Кештің басты жекпе-жегінде ол Нуху Лавальмен жұдырықтасқан. Боксшы өзіне тиесілі (WBO Global, WBC Asia және WBA International) үш белбеуін қорғады. Судьялар бірауыздан жеңісті Ербосынұлына берді. Жекпе жек кезінде Лавальдің екі рет нокаутқа түскен. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866831-mansabynda-birinsi-ret-zeilgen-kazakstandyk-bokssy-s-titulynan-ajyryldy.html