Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижеллерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасын салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай – ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды қызмет атқарады. Нақтырақ айтар болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптарды әр элементтік талдаудың қолдануында жатыр.Бақылаудың барлық түрлерінде сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән.Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу процесінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынадай міндеттері бөлініп алынған: бейімділік, диагностикалық оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық, бақылаушылық, басқарушылық және басқалар. Кез келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір – екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді.Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері, оның оқу процесіндегі ролін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттері, мыналар болып табылады.
- Бақылаудың есептеу міндеті.
Ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін оқыту жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
- Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер.
Бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу , оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу үшін «мұғалім-оқушы» орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктер мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ.
Дәл қазіргі кезде оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге пәндер мен оларды жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.
- Бақылаудың оқытушылық міндеті.
Ағымдық бақылаудың аса маңызды міндеті оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстын маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін -өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.
- Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті.
Ол оқушының одан ары оқу жұмысына өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Оқытушы оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің жағдайын анықтап қана қоймай, оқушыны оқу жұмыстарына бағыттап, қосымша себептер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады.
Ағымдық бақылау оқу процесіне тікелей енгізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап, оны жоюға бағыттайды. Оқушының білімін тереңдету мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабақта орындалады. Ағымдық бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылар келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.
Ағымдық тексерулердің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпке үйрету сынып және үй жұмыстарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым — өатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлауына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктерді қалыптастыру мен дамыту оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей, ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту- оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.
Бақылау оқушылардың білімдерін анықтау, бекіту және бағалау, яғни оқу процесіне қажетті түзетулерді енгізу және оның мазмұны, әдістері, тәсілдері мен ұйымдастырылу формаларын жетілдіру мақсатымен,оқу материалының қабылдану деңгейін, сапасын, және көлемін анықтау, оқытудағы жетістіктерді , білімдегі қалыс қалған жерлерді, жеке оқушылардың және бүкіл сыныптың дағды мен біліктері жайлы мәлімет алу болып табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты — оқушылардың алған білімдерінің дұрыстығы, көлемі және нақтылығы деңгейін анықтау, танымдық әрекет сипаты, оқу процесіндегі оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті, белсенділігі жайлы мәлімет алу, оларды оқытудың әдістері,тәсілдері мен формаларының тиімділігін анықтау болып табылады.
Оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне басшылық функциясын орындай отырып, бақылау әрқашан баға қоюмен қатар келмейді.Ол оқушылардың жаңа материалды қабылдауға дайындық әдісі, оқушылардың білімді , дағды мен біліктерді қабылдауға дайындығын анықтау, оларды жалпылау және жүйелеу құралы ретінде қолданыла алады. Бақылау маңызды білім берушілік және дамытушылық мәнге ие.
Бақылаудың педагогикалық функциялары оқушылар жұмыстарындағы кемшіліктерді, олардын сипаты мен себептерін сол кемшіліктерді жою мақсатымен анықтау болып табылады. Мұғалімге оқушылардың оқушылардың білімді қабылдауы жайлы ақпаратпен қатар, олар қандай жолмен табылғаны жайлы ақпарат алу маңызды.
Бақылау сонымен қатар оқу процесінде үлкен тәрбиелеушілік роль атқарады.Ол орындалған жұмыс үшін оқушылармн қатар, мұғалімдердің де жауапкершілігінің артуына себепші болады. Оқушыларды жүйелі еңбек етуге және оқу тапсырмаларын ұқыпты орындауға үйретеді.
Жалпы, білімді тексеру оқушылардың білімдерін бекіту, нақтылау, түйіндеу және жүйелеу формасы болып табылады .
Білімді тексеру оқушылардың оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың формасы болып табылады
Баға — бұл мұғалімнің оқу бағдарламасымен талап етілетін білімдерді, дағды мен біліктерді оқушылармен қабылдану деңгейән анықтау және баллмен, және сонымен қатар, бағалау жағдайларымен өрнектеу. Баға мұғалімнің оқыту әрекетін басқаруда үлкен мәнге ие болуымен қатар, ол оқу процесінің өзін жетілдіру және оқушыларды жан жақты тәрбиелеу мақсатына қызмет етуге тиісті.
Баға бұл оқушының оқу процесі барысында қол жеткізкен нәтижелерінің сапасын анықтау.
Оқушының үлгерімін бағалау ретінде оқушының білімдері мен біліктерін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіштер жиыны түсініледі.
Педагогикалық энциклопедияда баға оқушылардың білімдерді, дағды мен біліктерді оқу бағдарламасы талаптарына сай қабылдау деңгейлерін анықтау ретінде қарастырылады.
Баға оқушылардың білім мен дағдыны қалыптастыру көлемін, деңгейін және сапасын есепке алады.Белгілі пән бойынша білім көлемі бұл — берілген ғылым негізінде жатқан және оқу бағдарламасымен берілген басты ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, идеялар мен теориялар жиынтығы. Басты теориялық білімдер көлемін игеру оқушыда белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттердің қалыптасуына негіз болады: не алған мәліметтерді, ұқсастық бойынша, ұқсас жағдайларда жүзеге асыру, не алған білімдерді стандартты емес жағдайларда, күрделі ой есептерін шешуге бағыттау.
Әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқу үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетіндіктерін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшіп отыру үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу және оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.
Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуәр дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне әсерін тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады. Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру, емес бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.
Оқушының үлгеруін есепке алу — көпқырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.
Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындалады. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге(«қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты.)
Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Екінші оқытушылық функциясы — оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екіжақтылық сипаты ар. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек дамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш –жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б.
Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жағымды қатынаста болуына байланысты. Білімін есепке алудың оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш –қуаты жеке баснының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.
Үшіншіден дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жағымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл –ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.
Төртіншіден үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасты жақсартып, бірін – бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау, кәтап оқу, т.б. мәселелерді дұрыс түсінуі.
Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті.
Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады.
Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін, толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл, мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшеленуі тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімді есепке алуда, әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы географиядан картаны білу, онымен жұмысістеуді есепке алумен ерекшеленеді.Әрине, бұл жеке пән әдістемесінің әрекеті.
Екінші шарты — есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жана жақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда- санда емес, ұзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу – тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға жоғары мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде, күш беріп, оқу – тәрбие жұмысында іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді.
Үшінші шарты — есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу , бір бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыға есепке алуды түсініп, сыйлап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде, төртінші — әділеттікт талап етеді.
Есепке алудың жариялылығы тәрбиеге қатысты болады. Оушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, үниетанымын, пәнді меңгеруін тиянақтап, дамытуға жол сілтейді.
Есептің нақтылығы, әрекеттілігі — бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде — белгілі нәтиже беретіндігіне, сол үшін де есеп жүйесі жасалады.
Есепке алудың бізге белгілі төрт түрі бар. Алдын ала есепке алу және материалды бөлімді белгілі курста бастар алдында мұғалім оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, анықтап алу үшін жүргізеді. Сыныптан жеке оқушының білімін алдын ала тексру мұғалімге жұмысын дұрыс жоспарлауға, оқушылардың білетіндерімен ұштастыруға мүмкіншілік береді. Ал оқушыға білгендерін жаңа материалды қабылдауға жетістіреді, тәжірибе жинақтайды. Ол үшін мұғалім алдын ала олардың жұмыстарымен танысады, әңгімелеседі, ата – аналармен кеңеседі, сол сыныпқа сабақ бертін басқа мұғалімдердің сабағына қатынасады, бқның пайдасы бірігіп жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Күнбе – күнгі есепке алу — мұғалім тарапынан күнделікті жүргізіледі. Ол оқушылардың күн сайын сабаққа әзірленуіне, сергектікке тәрбиелесе, мұғалім өз жұмысына талаппен қарауға, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Күнделікті есепке алу бақылау жұмысында жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Оның маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады. Әрине, ол мұғалім үшін өте иын жұмыс, бірақ өте қажет жұмыс болып саналады. Күнделікті бақылау негізгі есепке алу , оқушылардың оқуға, білім алуға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, үнемі оларды еңбек етуге жетелейтін құрал.
Оқытудың нәтижесін тексеру оқыту үрдісінің негізгі компоненті болып табылады. Тексеру нәтижесінде оқушылардың материалды меңгеру нәтижесін сипаттайтын баға қойылады.
Оқушылардың оқу үлгерімн есепке алу – көпқырлы құбылыс. Бақылау оқыту үрдісінің бір бөлігі болғандықтан білімдарлық, тәрбиешілік, дамытушылық, функциялар атқарады, бірақ бақылаудың негізгі фунциясы – диагностикалық.Дидактикаға белгілі мынадай бақылау түрлері бар: күнделікті, мерзімді, қорытынды. Күнделіті бақылаудың маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады, үнемі еңбек етуге жетелейді. Мерзімді бақылау әр тоқсанның сонында үлкен бағдарламаның тараулары өткенде жүргізіледі, онда күнделікті бақылау да есепке алынады.
Бақылау әдісі дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың жүйелі т.рде жүргізілетін өзара байланысты диагностикалық іс -әрекеті, соның нәтижесінде оқу үрдісінде кері байлнысты қамтамасыз етеді. Қазіргі дидактикада бақылаудың мына әдіс терін атауға болады: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, практикалық бақылау әдісі, дидактикалық тесттер т.б.
Ауызша бақылау әдістері — әңгімелесу, оқушының әңгімесі, түсіндіру, мәтінді оқу, технологиялық картаны, схеманы оқу, тәжірибе туралы айту. Ауызша бақылауды оқушының монологиялық жауабы құрайды. Сабақта күнделікті ауызша ауызша бақылау жүргізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер әртүрлі сұрау сабағын жүргізеді.
Дидактикалық тесттер оқыту нәижесін тексеруде жаңа әдістердің бірі болып саналады. Дидактикалық тест дегеніміз оқушылардың білім дәрежесн меңгеретін белгілі материал бойынша стандартты тапсырманың жиынтығы.Ең алғашқы тесттер 21 ғасырдың аяғында пайда болды. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер 20 ғасырда тестіні кеңінен пайдаланған. Тест мына талаптарға сай болуы керек: объективті, сенімді, белгілі өлшемді қамтамасыз ету. Сенімді дегеніміз тестті бірнеше рет қайталағанда көрсеткіші бір нәтижені береді. Белгілі нәтижені қамтамасыз ету дегеніміз тестті жасаған адам белгілі бір қабылдау деңгейін анықтайды. Тесттің бірнеше түрлері бар.
Оқушылар білімін тексеру мен дұрыс бағалау — жауапты міндет. Егер тексеру мен бағалау бір жүйеге келтірілмей, қалай болса солай жүргізіліп, оның сұрақтары кездейсоқ алынса , онда тыңдаушылардың іс -әрекеттері тиянақты білім алуға бағытталмай, берекесіздік пайда болады. Әрбір тақырыпты өткенде оқушыларға соған қатысты қандай материалды біліп, қандай сұрақтарға жауап бере алуы қажет екені алдын ала таныстырылуы қажет.
Сонымен дұрыс ұйымдастырылған тексеру мен бағалау оқушылар біліміндегі кемшіліктерді дер кезңнде байқап, оны жоюға, келешектегі істелетін жұмыстарды сыныппен немесе жке оқушылармен, әлде белгілі бір оқушылар то бымен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ сабақтың жоспарына негіз болып, неге баса назар аудару қажеттігін анықтауға, сөйтіп, бүкіл оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.