АМАНАТ АҚША

АМАНАТ АҚША — жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір мерзімге банктерге сақтауға тапсырған ақшалай қаражаттары. А. а-ның талап етіп алатын, шартты, мерзімді, ұтысты және ағымдағы шотқа салынатын түрлері қабылданады. А. а-ға салу мерзіміне, түріне қарай әр түрлі өсім мөлшері белгіленеді. А. а. салушының аты-жөні, салған ақшасының мөлшері кұпия сақталады, оған банктер кепілдік береді. А. а-ны иесіне беруге шек қою немесе келісімнен тыс операциялар жасау тек соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. А. а- ның иесі өз қаражатын өсиетпен қалдыра алады. А. а. ақша ауысқан кезде немесе ақшаның құнсыздануы кезінде индексацияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *