Білім берудегі ҚОТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер

 

            Мектептер дамуының барлық кезеңдерінде оқытушының оқушы білімін бағалаудың тиімді жолдарын іздестіруі бірінші орынға қойылып отыр. Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін  оқушылардың білімін бағалау  жүйесінде де жаңаша өзгерістерді де енгізу қажетті. Мұндай жаңа формалардың қатарына әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясына сәйкес қарастырылған рейтинг жүйесімен бағалауды жатқызуға болады.

          Бүгінгі дәстүрлі мектептерде қалданылып жүрген «5» балдық бағалау жүйесі оқушы білімінің толық көрсеткіші бола ала ма?

          Бұл сұрақ кез келген оқушылар қауымының толғанысын туғызады. Бес балдық жүйесі деп айтылғанымен оқушылар біліміне «1», «2» балдық бағалары өте сирек қолданылады. Бұл балалар білімінің деңгейін емес, баланың «үрейін» ұшыратын, «қорқыныш» туғызатын құралға айналғаны баршаға мәлім. Осының әсерінен «халықаралық» деп аталған «3»-тің, алдыңғы қатарлылар санынан көрсететін «4», «5» бағаларының дәрежесі төмендеді. Осылайша оқушы біліміне қойылатын бағалар бір-бірімен байланысын жоғалтты. Оқу процесіне бағалар салыстырмалы түрде қойылап, оларға қойылатын талаптар сақталмады. Оқушы білімі мен оны бағалау арасында алшақтықтар пайда болды. Бұл жалпы оқу процесінің сапалық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ал бағалар қойылатын талаптар қателердің санын және оқушының дұрыс емес іс-әрекетін көрсетуге бағытталады. Осыдан келіп «оқушы білімінің өлшемі, көрсеткіші болған бағаның бағасын қалай арттыруға болады?» деген заңды сұрақ туады. Осындай сұраққа шешуші қадамдарды оқытудың жаңа педагогикалық технологияларынан іздестірейік. Дәстүрлі оқыту кезеңдерінде оқушыға қойылған баға тапсырманың орындалуының дұрыстығымен өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар тарауға бөлінген сабақтардың әр түрлі сағаттарында сұралып, жауабына сәйкес бағаланды. Алайда оқушы білімін бұлайша бағалауда тапсырманың қиындығы ескерілмеді, белгілі-бір кезеңдерге бөлінген нақты мақсаттардың орындалуын айқындау мүмкін болмады. Сондықтан  оқушы білімін нақты бағалауда жаңа педагогикалық технология өз басымдылығын танытады. Мысалы, күнделікті тәжірибеде информатика сабағыны арналған әр түрлі педагогикалық технология бойынша тапсырмалардың картасын, кезең- кезеңнен тұратын мақсаттары түзілген кітаптарын қолданған пайдалы. Осыған орай мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін болжау жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда берілген тапсырмалар олардың білім деңгейін анықтайды. Тапсырмалардың деңгейлік бағаланушы оқушылардың өзіне белгілі болғандықтан, олар алдын-ала өз мүмкіндігін, білімін анықтап, бағалай алады, ал мұғалім оқушының білім деңгейін көтеруде қандай талаптарды қосымша орындау керектігін ажыратып, түзетулер жүргізе алады. Пән бойынша оқушылар білімін бағалау мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес деңгейлік талаптарды толық меңгеріп, ажырата білуін талап етеді. Осыған сәйкес күнделікті оқу процесіндегі орындалатын тапсырмаларды қиындық дәрежесіне қарай деңгейлеп, оқушыларға ұсыну қажет. Қазіргі жағдайда оқу құралдары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкестендіріліп жазылмағандықтан мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын қажет етеді. «Білім туралы» заңға сәйкес, мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек. Мұндай деңгейге оқыту технологиясы жан-жақты шыңдалу арқылы ғана қол жеткізуге болады – делінген, орта білім беру стандартының жалпы тұжырымдамасында. Стандарт белгілеп берген білім мазмұнының міндетті минимумын оқушының оқу жүктемесінің  шетіне жеткен (максимум) көлемін оқушы дайындығына қойылатын талап деңгейін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне қолдану оқушы білімін бағалауда тиімді нәтижелерге қол жекізеді. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкес жазылса, бұл нәтижелі білім беруге жасалған оң қадам болған болар еді. Оқушы біліміне баға төмендегі  талаптарды ескере отырып қойылады :

   — «қанағаттанарлық» баға Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көрсетілген математикалық даярлықтың міндетті деңгейіндегі үлгідегідей тапсыпмаларды шығару біліктілігін қамтамасыз еткенде қойылады.

   — «жақсы» бағасы көп компоненттілігімен ерекшеленетін  тапсырмалар-ды орындағанда, амалдар алгоритмін дұрыс құра білгенде, оқушы өз білімін тұтастай қолданып, іріленген кез келген материалды жүйелеп, реттеп, кері байланысты құбылыстарды орындай білгенде қойылады.

   — «өте жақсы» бағасы оқушының игерген білімін тереңдету бағытындағы танымдық ізденіс жасап, түрлі логикалық операцияларды дұрыс орындай білгенде, өздігінен графиктер, диаграммалар құрып, программалармен еркін жұмыс істей білгенде қойылады.

 Сабақ кезеңінде сыныптағы оқушылар көпшілігінің білімін тексеріп, бағалау мүмкін емес. Ал сұралып, баға алған оқушының келесі кезегі келгенше біршама уақыт өтетіні белгілі. Осы өткен уақыт аралығындағы оқушының меңгерген білімі туралы толықтай мәлімет алу қиындық әкеледі. Бұл  қиындықтардан шығуда оқушылардың сыныптан тыс орындайтын тапсырмаларының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа технология бойынша мақсат түзулерде көрсетілген міндетті тақырыптық тапсырмалар (Б1) сәйкесінше болжау жұмысы (Б2) арқылы тексеріліп, бағаланады. Мұндай бірнеше міндетті тақырыптық тапсырмалар жиынтығы (Б12+…) арқылы тарау бойынша оқушының саналық білім дәрежесі анықталып, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. (Б123=>БЖ1)                                  Оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың бұл тәртібі 1-кесте арқылы көрсетілген. Осындай  бақылаулар арқылы оқушы білімін тексеру жиілігі артады. Оқушының тапсымаларды орындаудағы жауапкершігі күшейеді.

 

 

 

Тарауға сәйкес

түзілген

мақсаттар

Мақсаттарға сәйкес тақырыптық, санамдық тапсырмаларды болжау және бақылау

«қанағаттанарлық», ( «жақсы», «өте жақсы»)

Тақырыптық болжау

Санамдық бақылыу жұмысы

М

М

М

Б1

Б2

Б3

 

Б123=>БЖ1

 

Оқушылардың тарау бойынша шығармашылық қабілетін арттыруда қосымша бөлімде  танымдық (*), конкурстық (**) тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушы білімін дұрыс бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы толық түсіністікті орнатуға жағдай жасайды. Оқушы білімін бағалауда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын орынды қолдану оқушының қабілетінің дамуына және толықтай ашылуына туғызылған қолайлы жағдай болады.

     Соңғы жылдары жүгізілген педагогикалық зерттеулерде оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғада өзін-өзі басқару білім сапасын тексеру мен бағалаудың педагогикалық технологияларының ғылыми негіздерін жасау мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің барлық орта  оқу орындарында оқу процестерінде әртүрлі деңгейде оны басқару басқаруға оқушылардың білімін тнксеру мен оның сапасын анықтауға бағытталған көп сатылы, көп баллды бақылау жүйелеріне негізделген статистикалық әдістер рейтинг жүйелерімен тестілеу кеңінен қолданылуда. Рейтинг жүйесі дегеніміз – көп балмен бағаланатын үздіксіз бақыланатын жүйені айтамыз. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушы білімін тиянақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі күнделікті бақылау. Бақылау жүйелері мынадай қағидаларға негізделіп құрылады:

  1. Білім адамның ойлау қабілетінің құрылымдық интегралдық қасиеттерімен сипатталады.
  2. Білім деңгейін сараптаудаоның сапасын анықтауда ойдан алынған коэффициенттер енгізілетін, бақылаудың шытырман жүйесін пайдалануға болмайды.
  3. Білім деңгейінің көрсеткіші балл түрінде қойылатын баға бақылаудың әртүрлі формаларына сайланып алынуы керек.

 Тесттік бақылау. Тест сөзін ағылшын тілінен аударғанда «есеп, түйін, сұрақ» деген мағынаны береді. Оқушыға қойылатын тест сұрақтарының саны тексерілетін білімнің көлемін қамтитын және статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететіндей мөлшерде шамамен 15 сұрақтан кем емес болуы қажет. Тест құруда мынадай принциптер орындалуы қажет:

  • Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықта қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Сұрақтар тексерілетін тақырыптың пәннің мазмұнын біркелкі қамтуы, қысқаша тұжырымдалуы тиіс. Әр сұраққа берілетін жауаптардың саны – 5 болуы керек. Дұрыс емес жауаптың формасы дұрысқа ұқсас болуы тиіс.
  • Тест сұрақтары біркелкі болу керек. Өте қиын, оңай сұрақтар мейлінше аз болу керек. Тесттің 1 сұрағы — 1 баллға бағаланады.

      Мұғалімнің әртүрлі іс-әрекеттерімен оқушының бойына сіңірген білімі мен біліктілік дағдысын қалыптастыруда жүргізілген іс-шараларының нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалау нәтижесінде көрінеді. Білімді бағалау — берілген теориялық материалды меңгеру оны іс-жүзінде қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын толық көрсете білу, оқушының өзіндік ой-пікірлері және ізденістері ескеріледі. Бағалану кезінде әрбір оқушының өзінің қабілеті ерекшеліктерімен және бейімділіктерімен де ерекшеленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *