Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қоюды игерту.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
- Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердің терең меңгерілуі.
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады.
Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар — Көбжасар, ала қарға — алағарға т.б. Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Мысалы, Сәулені кешеден бері асыға күткен Нұрлан далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен айтылады. Нұрлан сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен кейін дауыс үзілісі болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
- Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердңі терең меңгерілуі.
Әдебиеттер:
1.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -А., 1977.
2.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
- Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
- Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
- Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.