Мақсаты:Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы айта келе, ассимиляция құбылысы және диссимиляция жайлы түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Ықпалдың түрлері.
2.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік.
Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Дыбыс үндестігінің түрлері.
2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады?
3.Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі.
- Аккомодация туралы қысқаша анықтама беру.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
- Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
- Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
- Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.