Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.

 

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекр т.б. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Игерулі, шектік, игерусіз өзгерістер туралы түсінік.

2.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері.

  1. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы.

         Әдебиеттер:

1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004.

2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.

3.Қазақ граматикасы.- А., 2002.

4.Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы.-А.,2004.

5.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.

  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.

7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *