азақстандық медицина қызметкерлері вирусты пневмония жұқтырған жағдайда әлеуметтік өтемақы алады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Осы мәселе COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша эпидемиямен күрес шараларына жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне осы инфекцияны жұқтырған және содан қайтыс болған жағдайда бірыңғай әлеуметтік төлем жүргізу туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау министрігінің 2020 жылдың 22 шілдесіндегі бірлескен бұйрығының ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы реттеліп отыр. Ереже COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері егер олар клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар, коронавирус инфекциясы белгілеріне ұқсас инфекцияны жұқтырған және содан қайтыс болған жағдайда бірыңғай әлеуметтік төлем жүргізуді көздейді.
Бірыңғай әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізіледі. Атап айтқанда, COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған, вирусты пневмониямен ауырған жағдайда 2 миллион теңге беріледі. Ал COVID-19 коронавирус инфекциясынан немесе вирусты пневмониядан қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге беріледі», — делінген құжатта. Төлем COVID-19 коронавирус инфекциясы, вирусты пневмониямен жұқтыру фактісі анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының жазбаша түрде берген ақпараттарының негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, медициналық қызметкерлердің тізімі жасалады. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың немесе КККБТУ денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік органдарының файлдары негізінде қалыптастырылып, жауапты қызметкер ол тізімді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/411593-pnevmoniya-zh-tyr-an-meditsina-yzmetkerlerine-tema-y-t-lenedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz