Ауылдағы МЕКТЕП

Таң. Қақпаның алдындағы орындық.

Кемпір. Әй, Гүлім! Анау қаладан келген жас мұғалім…

Гүлім. Иә?

Кемпір. Ол неғып кепті бұ жаққа?

Гүлім. Анау әлгі дипломмен ауылға деген прәгрәмә бар ғой!

Кемпір. Ау? Құлағым естімейді, не бар ғой дейді-ей?

Гүлім. Түф! Дипломмен ауылға деген бағдарлама бар! Сол бойынша келіпті!

Кемпір. Не бойынша келіпті?!

Гүлім. Дипломмен келді, апау, дипломмен келді! Балаларды оқытуға келді деймін! Үкімет жіберді оны ауылдың жағдайын жақсартуға!

Кемпір. Е, ол жалғыз жігіт жолды жөндей ме?!

Гүлім. Жолды осы жазда жөндейді, апа!

Кемпір. Е, жөндесе мейілі…

Гүлім. Ол қаладан келген жігіттің есімі Айдос. Өте ақылды жігіт…

Кемпір. Ей, Гүлім! Сен көп сөзді қой да, анау Жәкеңе айт – Алмаш әженің шарбағын жөндеп берсін де! Сосын анау сиырларды барып сауып кел! Бар!

Мектеп. Сынып.

Оқушы Самат. Ағай, сіз біздің ауылға келгіңіз келіп келдіңіз бе?

Әділжан. Иә, мен сендерге білім беруге келдім. Тыныш отырыңдар, сабақ басталды.

Самат. Ағай, ағай, тағы бір сұрақ қойсам бола ма?

Әділжан. Бір ғана сұрақ па?

Самат. Иә, бір ғана сұрақ! Сіз Гүлім әпкені жақсы көреді дейді, сол рас па?

Әділжан. Самат, сыныптан шық! Ұят емес пе ондай сұрақтар қоюға!

Самат. Ағай, бізде демократия емес пе?!

Әділжан. Сонда сен үшін демократия ойыңа келген нәрсені оттай беру, қалаған нәрсені жасай беру деген сөз бе? Демократия деген заң аясында ғана құқыққа ие болу деген нәрсе! Бар, сыныптан шық!

Самат. Ағай, сіз менің алдында қойған сұрағыма жауап берсеңіз, шығамын.

Әділжан. Ой, саған бір дауа жоқ екен өзі! Жарайды, менің Гүлім әпкелеріңе қатысты ешқандай сезімім жоқ! Ал енді уәдеңде тұр, Самат! Екінші рет бұндай әбестік қайталанса, директорге алып барамын!

Самат ыржиып сыныптан шығып кетті. Сыныпа аздап үнсіздік туды.

Айдана. Ағай, сіз жынды Саматқа ренжімеңіз, ол не айтып, не қойғанын өзі білмейді!

Самал. Иә, ағай, оған мән бермеңіз, ол біздің сыныптағы ең жаман оқушы. Сабақты өткізе беріңіз, ағай!

Әділжан. Жарайды, балалар. Рахмет… Ендеше абайтану сабағын өтейік, балалар! Ал кім бізге Абайдың өлеңін оқып бере алады?

Айдана (тұрып). Жазғытұры бүркітші шығады аңға…

Самат терезені «Сіз Гүлім апайдың теңі емессіз!» деген айқаймен сыртынан сындырды да, қашып кетті.

Кемпір тапшанда тоқыма тоқып отыр. Жандос аға шарбақты жөндеп жатыр.

Кемпір. Әй, Жандосжан!

Жандос. Ау, апа!

Кемпір. Сен осы қашан үйленесің, а?

Жандос. Мә, апа, осы сұрақты мыңыншы рет қойдыңыз ғой уже! Шаршамайсыз ба өзіңіз?!

Кемпір. Мен саған бөтен адам емеспін, шырағым. Үйленетін жасқа келдің, жас бала емессің…

Жандос. Білмеймін, апа, білмеймін… Анау қаладан келген мұғалім біздің ауылдағы жалғыз сұлу Гүлімты өзімен бірге қалаға алып кететін сияқты что-то…

Кемпір. Ау? Құлағым естімейді, қарағым! Қаттырақ айтшы!

Жандос. Уақыты келген соң өзім үйленермін!

Кемпір. Ылғи айтатын сөзің сол!

Жандос. (өз өзіне) Гүлім келе жатыр… ертең оның туған күніне не сыйлайын?!

Кемпір. Ау?

Жандос. Ешнәрсе, апа!

Кеміпр. Жоқ, жасырма менен ешнәрсені, айт!

Жандос. Ауа райы бүгін жақсы деймін! Гүлім, сәлем!.. Қап, мән берген де жоқ…

Кемпір. Не дейсің?

Жандос. Ауа райы кешегіден тәуір деймін.

Кемпір. Иә! Оның рас! Кеше жел үілдеп, арқам шаншып, жанымды қоймаған еді, құрғыр. Әй, Жандосжан! Жандосжан! Мынауың керең болып қалған ба?

Жандос. Неге айқалайсыз, апа?! Көршілерден ұят емес пе?!

Кемпір. Өзің ғой, үндемей қалған… Пенсия келді ме, тексеріп келші!? (Жандос қалтасынан сотканы алды) Жандос, мен сені жұмсап тұрмын ғой!

Жандос. Иә, келіпті, апа!

Кемпір. Ау?

Жандос. Пенсияңыз келіпті деймін!

Кемпір. Оны қайдан білдің?! Сен бір орында отырып, қайдан біліп қойдың оны?

Жандос. Бізге интернет орнатқалы бір жыл болды ғой, апа! Мынау приложениядан білдім!

Кемпір. Немене дейді!? Неден білдім дейді?

Жандос. Оу, апа! Жарайды, сізге жаңа техниканы түсіндіру қиын ше! Жарайды, тек сіз үшін, мен велосипедпен қазір барып, орталықтан сұрастырып келейін!

Кемпір. Е, сүйтсеңші! Бәсе! Бір бәле, бір бәле дейді… Анау бәлеңді жас бала сияқты шұқылауды қойсаңшы! Не бұл, калкүләйтірмен ойын ойнап!

Жандос. (кетіп бара жатып) Бұл апаға қаладан программистті шақыртып, компьютерді әбдееен түсіндіріп барып, вайфайды орнатпаса болмайды екен! Заманнан қалып қалған кісі, дауа жоқ! Ертең Гүлімқа не сыйласам екен? Бәрібір анау қаладан келіп қалған ілмиген мұғалімсмақ ешқандай сыйлықтарсыз өзіне Гүлияны қаратып алғанын қарашы! Ешнәрсе етпейді, ешнәрсе етпейді, Гүля әлі де маған күйеуге шығады… Ала егер шықпаса, мен оның Әділжанының бытшытын шығарамын!

Мектептің ауласы. Әділжан, учаскелік Айдос ағай, Ләззат директор мен Гүлім орындықта отыр.

Ердос. Бәрі түсінікті! Ол Саматпен, оның ағасымен жақсылап тұрып сөйлесемін! Сау болыңыздар! Айтпақшы, ысқырығымды көрмедіңдер ме?! (кетіп қалды)

Ләззат. Үш жыл болды ол оқушы біздің мектептің жаман жағынан әйгілі етіп жүрген!

Гүлім апай. Не істерімді білмеймін!? Тәрбиесі сондай нашар…

Ләззат. Айтпақшы, оның ағасы Жандоспен сөйлестіңдер ме?

Гүлім апай. Мың рет, сөйлестік, мың рет!

Ләззат. Ал қалған оқушылардың үлгерімі қандай? Алдымен, сіздің В сыныбы ортақ көрсеткішпен, анау көргенсіз Саматты санамағанда, артта қалды осы семестрде… неге?

Әділжан. Сол Саматтың ықпалы ең алдымен, сосын сынып енді енді жаңа сынып жетекшіге үйреніп жатыр, Ләззат апай! Мен де жаңа сыныпқа үйренген соң, ортақ сөз табылған соң, міндетті түрде, барлық оқушының үлгерімі жақсарады. Уәде беремін!

Ләззат. Көреміз, көреміз. Ал енді сіздің А сыныбы биыл математикадан жақсарды… Ал қазақ әдебиетінен төмендеді. Әсіресе, Қылтибаев пен Сауалбаев дым білмейтіндердің қатарына қосылды.

Гүлім. Білемін, апай. Айтқаныңыз дұрыс болды, олармен жұмыс істеп көремін.

Ләззат. Жақсы ендеше, ертең екеулеріңіз педсоветке кешікпей келіңіздер. Таңғы сегізде! Сау болыңыздар!

Гүлім пен Әділжан. Міндетті түрде, Ләззат апай! Сау болыңыз!

 

Әділжан мен Гүлім бір біріне бір нәрсе айтайын деді де, сосын іркіліп қалды.

Гүлім. Ертең өзге әріптестермен бірге сізді де кешкісі туған күніме шақырамын. Келіңіз.

Әділжан. Міндетті түрде келемін…

Гүлім. Сау болыңыз!

Әділжан. Сау болыңыз… мен…

Гүлім. Иә, иә…

Әділжан. Сау болыңыз деймін!

Гүлім. А, иә, иә. Сау болыңыз!

Әділжан. Сізді шығарып салайын ба?

Гүлім. Жоқ, жоқ, рахмет! Онсыз да бәрі артық әңгімелер айтып жүр…

Әділжан. Сонда да бір рет болса да шығарып салайыншы.

Гүлім. Жарайды, тек бір ғана рет шығарып салуыңызға болады.

Әділжан. Неге?

Гүлім. Мен сізге айтпаған едім… Бірақ Жандос мен сізден өте қызғанып жүр соңғы кезде… Сізге ол өте өш. Сондықтан, ол өзінің інісі Самат арқылы сіздің кабинетіңіздің терезесін сындырған.

Әділжан. Сонда мен қайдағы Жандостан қорқамын ба?! Мен шешім қабылдадым!

Гүлім. Қандай шешім?

Әділжан. (тізерлеп, сақинаны ұсынды) Мынау сізге!

Гүлім. Ойбай! Тұрыңыз! Мынаны тығыңыз! Біреу көріп қойса!?

Әділжан. Онда тұрған не бар екен! Білсін бәрі біздің бір бірімізге… бір бірімізге…

Гүлім. Иә.

Әділжан. Ілтипатымыз… жоқ, сүйіспеншілігіміз зор екендігін! Маған күйеуге шығасыз ба?

Гүлім. Білмеймін… Жандос сізге ашулы болып жүр…

Әділжан. Бола берсін! Шындықты айтыңызшы, маған күйеуге шығасыз ба?

Гүлім. Ойланып көрейін… Бірақ ертең туған күнімде сіз бұл сұрақты қоюшы болмаңыз! Мен соңғы шешімімді ертеңнің арғы күні айтайын.

Әділжан. Күтемін! Қанша күту керек болса, сонша күтемін!

 

Жандос машинасының ішінде Саматтың құлағын шымшып ұстап отыр.

Самат. Жіберіңізші, Жандос аға! Құлағым ауырып бара жатыр! Жіберіңіз! Ай!

Жандос. Сенің кесіріңнен бүгін тағы да анау учаскови маған әңгіме айтты! Менің анау трассада жол ережесін бұзған барлық сәттерімді есіме түсірді ол, сенің кесіріңнен! Сенің кесіріңнен, оңбаған! Ұят болды ғой, анау Гүлім апайыңнан, ұят болды!!

Самат. Бірақ біздің сынып жетекші енді Әділжан ағай ғой!

Жандос. Атама ол есімді! Атама! Тағы бір ерт Әділжан десең, мынау екі құлағыңды үзіп аламын, ұқтың ба?!

Самат. Ай!

Жандос. Ай аспанда! Ұқтың ба, деймін?

Самат. Ұқтым, ұқтым, аға! Кешірші, кешіріңізші! (Жандос құлағын жіберді)

Жандос. Тыңда бері, мынау ақшаны ал да, ертең азанда бір букет гүл мен бір коробка шоколадты сатып әкел де, маған бересің. Естідің бе?

Самат. Ал Гүляш апайға сол сыйлықты мен берсем болады ма? Кешірім ретінде?! Әйтпесе, осы тоқсандыққа математикадан тағы екіге шығарады емес пе?!

Жандос. Ақымақ! (құлағын тағы ұстады) Жай ғана айтқанымды істе! Артық сөз, артық іс болмасын! Бар көзіме көрінбей, қойларды айдап кел! Кеш болды!

Жандос (жалғыз қалып, қалтасынан алтын сақина мен айфонды шығарды). Ал енді ол менің Гүлямдікі болады! Ал анау мұғалімсмақ сыйлыққа не әперер екен оған, көреміз! (күлді)

Кемпір мен Самат тапшанда шай ішіп отыр.

Кемпір. Неге екі құлағың қызарып кеткен? Е, тағы бір нәрсе істеген шығарсың, ә? Жандос бұрады ғой, құлағыңды, сауап, сауап! Жылама деймін! Өзің кінәлісің! Маған десе, осы екі құлағың неге түсіп қалмайды екен?! Жарықтық әкең тірі болғанда, сенің құлағыңды тұрмақ, анау май басқан құйрығыңды қамшымен осып осып жіберер еді! (жылай бастады)

Самат. (құшақтады) Апа, апа, жыламаңызшы! Мен де, мен де әкемді сағындым!

Кемпір. Ары тұр! Оңбаған неме! Неге әкеңе сөз тигізесің, а!? Бар көрінбе көзіме, бар! Өнегесіз! Анау Жандос ғой сені бұзған! Білемін, Жандос сені бұзған! Ол бала кезінде тура сен сияқты бұзық болатын… Бірақ ол сабақты жақсы оқитын, әйтеуір… Оқуды жақсы бітіріп, қалаға кетіп қалды, енді әне анда санда келіп тұратын болып қалды. Көресің ғой, қазір Жандос қаласына қайтадан барады да, үш түгілі жоқ боп кетеді!

Самат. Әрине! Ол қалада оның өзінің бизнесі бар емес пе?!

Кемпір. Тәйт! Саған ешкім сөзді берген жоқ! Өзіңе қарап ал, алдымен. Ауыл әкімі оған бұл ауылда әжептеуір фермер болуға мүмкіндік берді! Ал ол… жоқ, малды бағу мен үшін абырой емес деп, кетіп қалды.

Самат. Қалада оның мықты пәтері бар!

Кемпір. Отыр тыныш, мынау әпәдемі үйдің қай жері кем екен!? Қайта мұнда таза ауа, керемет қымыз бар емес пе? Ол көргенсіздің әншейін ғана өз туған әжесіне деген рахметі жоқ! Жаман бала – ол да сын… Қайтейін!

Самат. Зато менің рахметім бар! (құшақтады)

Кемпір. Тұршы бар! (итерді) Егер Жандос болмаса, анау сен қиратқан шишаның құнын мен өзімнің пенсиямнан төлейтін едім! (Самат жылады. Кемпір оның басынан сипады) Саматжан, самаурынды қайтадан ысытып әкел! Сен екінші рет бәдік болма, жарай ма?! Егер тағы бұзықшылық істесең, онда сені жетімдер үйіне алып кетсе де, мен қарсы болмаймын, біліп ал соны!

 

Гүлімнің туған күніне дайындық.

Гүлім. Рахмет, сендерге, балалар! Үстел керемет болды!

Айдана. Оқасы жоқ, апай! Біз сізді жақсы көреміз!

Самал. Иә, апай! Жақсы көреміз! Апай, мынау «Туған күніңізбен!» деген біз жасаған гирлянданы мына жерге ілуге бола ма?

Гүлім. Есікке сәл жақындатып ілсеңдер болады. Сендер барлық сыныпты шақырдыңдар ма?

Самал. (соткасына қарап) Иә, апай! Бірақ бізден басқалар тағы да сіздің туған күніңізге кешігіп жатыр.

Айдана. Бір кішкентай ауылда тұрып, қалай кешігуге болады!? Түсінбеймін… Апай, сіздің телефоныңыздағы фотоларды көруге болады ма?

Гүлім. Әрине, болады. Мынау Астанада түскен суреттер…

Айдана. Сағындыңыз ба Астананы?

Гүлім. Сағындым…

Самал. Апай, ал мынау кімнің фотосы?

Гүлім. Қане? Бұл менің анамның суреті.

Айдана. Ол кісі қайда тұрады?

Самал. Кім болып жұмыс істейді?

Гүлім. Өкінішке орай, ол дүниеден озғанына он жыл болды…

Айдана. Кешіріңіз, апай, біз білген жоқпыз. Арты қайырлы болсын!

Самал. Кешіріңіз, апай. Жатқан жері жайлы болсын!

Гүлім. (балалардың басын сипап) Ол кісінің есімі Айжарқын еді, ол да ұстаз еді. Қазақ әдебиетінен сабақ беруші еді. Біз ол кезде Алматыда тұрдық, бір күні ол ұшаққа отырып, Семейдегі туыстарына бармақшы болды… Мен әлденені сезгендей поезға отырсаңыз қайтеді деп едім, ол тыңдамады. Ол кезде анашым өмірінде алғаш рет ұшаққа отырып жатқандығына сондай қуанышты еді…

Ақсақал мен кемпір кірді. Гүлім мен балалар олармен амандасып, төрге жайғастырды.

Ақсақал. Мынау көрші кемпірді әрең сүйреп әкелдім! Жастар өздері мейрамдасын, сен жастарға бата берсең беріп кел. Мен үйде алаша тоқиын дейді.

Кемпір. Қойшы! Мен емес пе, сен қақбасты телевізор көріп отырған жеріңнен суырып алған! Соншама не бар екен ол тілбізіріңде, а?

Ақсақал. Жаңалықтар, одан бөлек не бар дейсің!?

Кемпір. Жоқ! Ол түріктің сериалы еді! Неге өзіміздің қазақтың сериалын көрмейсің, ә? Патриот емессің бе, не?

Ақсақал. Ой, қойшы! Патриотпын ғой! Патриот болғандықтан, біздің актерлер сол түріктің актерлеріндей ролді мықты ойнап кеткенше үлкен сабыр мен зор үмітпен күтіп жүрмін ғой! (күлді)

Кемпір. Әйтеуір, анда санда жақсы қазақ кино көрсетіп жатыр ғой!

Ақсақал. Неге анда санда көрсетеді! Неге күнде күнде көрсетпейді!?

Гүлім. Ата, енді біздің ел жылдан жылға дамып келе жатыр емес пе! Бір күні сіздің талғамыңыздан шығатын фильм де жарыққа шығатын шығар!

Кемпір. Қайдам! Бұл шалға дым да жақпайды! Одан гөрі, мынау сұрағыма жауап берші, қашан күйеуге шығасың, а?

Гүлім. Апа, қойыңызшы! Бір күні, Құдай қаласа, шығармын! Балалардан ұят емес пе!?

Кемпір. Несі бар!? Әрі жақсы ұстаз, әрі жақсы ана болуға да болады, шырағым!

 

Самат көшеден келе жатыр. Мас Жандос пен екі жігіт Әділжанды ұрайын деп тұр.

Жандос. Неге менің ауылыма келесің деп, сұрамайақ қояйын. Ол өзіңнің шаруаң. Менде бір ғана вопрос бар, неге Гүлімтың қасынан кетпейсің?!

Әділжан. Мен оны сүйемін, ол да мені сүйеді. Біз үйленеміз, және үйленуге сенен рұқсат сұрамаймыз!

Жандос. Солай ма?! Жігіттер, давай! (жігіттер Әділжанды екі жақтан ұстады, Жандос оның ішінен тебейін деген сәтте, Самат тығылып тұрып ысқырыққа ысқырды. Екі жігіт жанжаққа қашып кетті) Ой, шешелеріңнің дені сау болсын, қорқақтар! Сатқындар! Мен сендерге қызылдай ақша төледім емес пе!? Ақымақтар, Айдос маған ешнәрсе істей алмайды! (Әділжан Жандосты бір ұрды) Айдос учасковый! Келгенің жақсы болды, мынау ұрып жатыр мені! Ей, Айдос! Құтқар мені! (Айдос келді, Самат шығып, Айдосқа ысқырығын берді. Айдос Жандосқа кісен салды)

Айдос. Сен ит үйіңнен шыққалы, мен бәрін де бақылап тұрдым. Жарайсың, Самат! Уақытылы белгі бердің! Айдос аға ұзақ шыдады, бүгінгі төбелес соңғы тамшы болды!

Айдос. Бала дұрыс айтады, сені ден түзу азамат болсын деп оқыттым емес пе!?

Жандос. Рахмет, рахмет! Түсінбедім, сендер қазір өз туғандарыңызды саттыңдар ма!?

Самат. Ол сен біздің марқұм әкемізді сатқан! Сенің кесірінен біздің фамилиямызды естісе, бәрі де көз алдына тек жаман нәрселерді ғана елестетеді.

Жандос. Үніңді өшір! Жарайды! Бұл баланың миы жоқ дейік, ал Айдос аға, сіз неге мені ұстап жатырсыз?!

Айдос. Біріншіден, сен Алматыда ажырасқан әйеліңе жарты жылдай алимент төлемедің… екіншіден…

Жандос мырс етті. Айдос аға, басталды! Біріншіден, екіншіден, үшіншіден! Сіз менің туған Ағамсыз! Менің әкем қайтыс болған соң, сіз маған туған әке сияқты болып кеттіңіз! Сіз сонда өзіңіздің жақыныңызды сотқа алып бармақшысыз ба?

Айдос. Заң алдында бәрі де тең!

Жандос. Оны сізге кім айтты?

Әділжан. Кім емес, не деп айтқаның жөн! Міне! (қалтасынан кітапшаны шығарды) Міне Ата Заң айтты солай!

Жандос. Әкет әрі! (лақтырмақшы болғанда, Самат тосып үлгерді)

Айдос. Әне, сенің жақының дәл қазір сенің жаныңды сақтап қалды деп есептей бер! Конституцияны лақтырғаның үшін, бірінші парақтан соңғы параққа дейін жаттауға сенде бос уақыт жеткілікті болар! (полиция машинасына Айдосты күштеп кіргізді) Самат, сені Гүлімнің үйіне дейін жеткізіп тастайын! Ол жақта әжең сені жаңа іздеп жатқан еді…

Гүлім Әділжанға жүгіріп келді, екеуі құшақтасты. Әділжан (Гүлімге). Гүлім! Сен бұнда қайдан жүрсің? Ой, кешіріңіз, сіз қайдан жүрсіз? Гүлім. Сен деп сөйлесе берейік. Мен сені іздедім… Жандос саған бір нәрсе істеді ме?! Әділжан. Жоқ, ешкім де маған ешнәрсе істеген жоқ, уайымдама! Ол өзінің жазасын тартады… Айтпақшы, сіз қандай шешімге келдіңіз? Ой, яғни, қандай шешімге келдің, Гүлім? Гүлім. Әрине, иә! Тек бір сұрағым бар еді! Әділжан. Сұрай бер… құлағым тек өзіңде! Гүлім. Біз енді қалаға кетеміз бе, әлде ауылда қаламыз ба? Әділжан. Әрине, ауылда қаламыз. Ал мынау менің сыйлығым! Қаладан әкелдім. (құлап жатқан сөмкені алып, ішінен екі тотықұсы бар торды алды) Гүлім. Қандай керемет! Енді біз бұл екеуін бағамыз ба? Әділжан. Жоқ, біз бұларға өзіміздің ең асыл армандарымызды айтып, оларды көкке ұшырамыз! Гүлім. Неткен жақсы ой! Менің арманым — көпбалалы ана болу! Әділжан. Ал менің арманым – елімнің ардақты ұстазы болу!

Екеуі тотықұстарды толған айға қарай ұшырды.

СОҢЫ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/blogs/view/auildagi_mektep__1352

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *