Коронавируспен ауырған адамға вирус қайта жұғуы мүмкін. Өйткені аурудан иммунитеті әлсіреп қалған ағза қайта күресуге дәрменсіз. Неміс дәрігерлері осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды ZDF телеарнасы.
Зерттеушілер қаңтар айында коронавируспен ауырған науқастардың қанына талдау жасап, аталмыш вирусты жеңген антиденешіктердің күрт азайып кеткенін байқаған.
– Коронавируспен ауырған 9 адамның төртеуінде антиденешіктердің азайып кететіні анықталды, – дейді Швабинг клиникасының бас дәрігері Клеменс Вендтнер.
Алайда дәрігерлер мұның жалпы иммунитетке кері әсері қандай екенін әзірше айта алмады. Бірақ коронавируспен ауырғандарға вирус қайта жұғуы мүмкін екеніне сенімді.
Телеарнаның хабарлауынша, коронавирус адамға қайта жұғы мүмкін екенін қытай ғалымдары да айтқан. Көрші елдің мамандарының айтуынша, көбінесе коронавируспен симптоматикасыз ауырғандардың ағзасындағы антиденешіктер азайып кетеді. Ал қалғандарынікі біртіндеп азаятын көрінеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/62733/