Қазір жастардың арасына арқа ауруына шағымданатындарды жиі кездестіреміз. Себебі белгілі: қозғалысты талап етпейтін өмір салты, күйзеліс және ағзадағы ішкі қабынулар.
Арқа – адам тәнінің басты тірегі. Қозғалыста маңызды рөл атқарады. Арқаның саулығымен ағзаның жағдайы және өмір ұзақтығы тікелей байланысты. Адам омыртқасы қабырғалар арқылы адамны тік жүруіне әсер етеді, ішкі мүшелерді қауіптен сақтайды.
Арқаның сау болуы мынамен байланысты:
— Дұрыс тамақтану: ағзаға керекті дәрумендер, микроэлементтер мен минералдармен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, адамға қуат сыйлайды.
— Күйзеліс деңгейі: кез келген жағдайды бірқалыпты қабылдауға тырысу және мазасыздықтан алшақ болу адамның ұйқысы мен ми жұмысына әсер етеді. Эмоцияны басқарып үйрену және бар қиындықты жеңіл қабылдау арқаға артық “салмақ” түсірмейді.
— Спорт және белсенділік: фитнес орталықтарына баруға уақытыңыз бен мүмкіндігіңіз болмаса да, уақытша орныңыздан тұрып сергіту жаттығуын жасау, билеп алу немесе серуендеу арқау ауруының алдын алады.
— Өз салмағынан ауыр затты көтермеу: жиі ауыр заттарды көтеру және арқаға тым көп күш салу арқа ауруына алып келеді.
Арқадағы ауру денсаулығыңыздағы ауыр дерттің белгісі емес: 1-2 апта демалып, арнайы массаждардан кейін арқа қалпына келеді. Дегенмен арқа шыдатпай ауырып, дене жиі жансызданса бірден дәрігер көмегіне жүгіну керек.
Омыртқа дисктері уақыт өте қажалып, мүжіле бастайды да арқадағы ауру күшейеді. Кейін протрузия, остеохондроз, омыртқааралық жарық пайда болады. Арқаның ауруына әсер ететін себеп әртүрлі болғандықтан, оны емдеу де түрлі тәсіл қолданады. Сондықтан дәрігерлер үйлен емделмей, толық тексерістен өткен дұрыс дейді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/62766/