Кататумбо – найзағайлы мекен

Найзағай – табиғаттың керемет, тылсым құбылыстарының бірі. Ата-бабаларымыз найзағайды құдіретті күш деп санап, аспан әлемінің қаһарына балаған. Мұның шындығы да бар.

Қазіргі ғылым дамыған уақытта найзағайдың қуатты заряд күші бар құбылыс екені белгілі болғанда, одан адамзаттың қорқынышы көбеймесе, сейілген емес. Сондықтан оған қызықтап қарауға, үрейімен қауышуға үйірміз.

Жер бетінде найзағай жиі тұратын мекен барын білесіз бе? Мәселен, Венесуэладағы Кататумбо өзенінің Маракайбо көліне құяр тұсында найзағай үзілген емес. Қара аспаны тұнжырап, жылына 200 күн найзағай тұрады. Күніне он сағат бойы жүздеген найзағай ойнайды. Найзағайдың биіктігі көлден 5 шақырымда.

Көлдің үстінде соққан қатты жел бұлттың бәрін көкжиекке тіреп, қуатты электр дауылының пайда болуына әкеледі. Көлдің маңайын тау қоршап жатқандықтан, жан-жақтан жиналған бұлт осы жерге үйіріліп, бір-бірімен соқтығысып, шетке шыға алмай қалады.

Оның үстіне, Маракайбо көлі – балшықты көл. Балшықтан бөлінген метан бумен, жылы ауамен араласып, қабат-қабат бұлтқа, электр қуаты мықты ауа ағынына айналады. 8 шақырымға дейін созылған заряд тізбегінің пайда болатыны содан.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/62796/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *