Абакова Гульден Аманжоловна,
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
Ақмырза ОМ жанындағы
«Жұлдызай» шағын орталығының тәрбиешісі
Қазақстан әлемде жоғары білімді, халық үш тілді де, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін- жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып тануы керек: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тез бұл заман талабы:» Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Елбасының » «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуді көздеген мақсат. «Үш тұғырлы тіл»-қазақ, орыс, ағылшын тілдері қатар қойылып жарастыру емес, керісінше бұл әр тілді өзіне лайықты орынмен қажетіне қарай лайықты пайдалану сөз.
Мұнда мемелекеттік тілдің орны тіпті бөлек оған ешкімнің таласы жоқ. «Үш тұғырлы тіл жобасын жетелеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес дейді». Осы сөздерді ойға түйген біз балабақшадағы жас сәбилердің тәрбиесіне үш тілдікті барынша құрастыруға болашақ алдындағы міндетті деп білемін. Себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп олардың бойына бапр жақсылықты сіңіру балабаұшадан басталатын бәрімізге мәлім. «Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айттылған сөздің астарында көп ой жатқаны рас.
Кейбіреулер баланы өмірге әкелгеннен күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап дұрыс санайды. Осы айтылған сөздердің ұайсынан болмасын шындық бар. Бала отабасында тәрбие алып өсіп өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады.
Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге яғни балабаұшаға беруге тырысады. Бала балабақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында.
Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып ойын ойнай алады. Ойын демекші балабақшада берілетін білім оқу- тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этаптан ағылшын тілін оқутудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжіріибені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дидкатикалық ойын ұолдануға болатын сабақтың мазмұнына, мақсатына, міндетіне жас ерекшілігіне сәйкес тыңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс. Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді меңгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді. Бұл – тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса, бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзсіз.
Менің мақсатым – тілдердің үштұғырлығы идеясын әрбір бүлдіршінің жүрегіне ұялату. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Тіл — ақылдың өлшемі, ұлттың жаны», деген бар. Яғни, елдің елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екені белгілі. Үш тұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.