Анапия Бақытгул,
Ақмола облысы Шортанды ауданы
Новокубанка селосы
«Гулдер» ясли балабақшасының тәрбиешісі
ХХІ ғасыр бұл біздің үлкен қызмет атқарып, көптеген алға қойылған мақсаттарымызды жүзеге асырып, елдің пайдасына үлкен жемісті еңбек етуімізге жағдай жасалған даңғыл дәуір десекте артық айтпағанымыз. Оның тағы бір дәлелі Елбасымыздың «Үш тұғырлы» тіл саясаты.
Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы беделін көтеріп, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таныту мақсатында Елбасы 2006 жылы «Үштұғырлы тіл» туралы идеясын жария еткені белгілі. Көп ұзамай аталған идея негізінде “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жоба қолға алынды.
Аталмыш жобаға қатысты бір кездері талайдың көкейінде түрлі сауал туындағаны даусыз. Алайда, «Үштұғырлы тіл» саясаты туралы Елбасымыз: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады», – деген болатын. Қазіргі уақытта осы жоба қазақстандықтардың тарапынан қолдау тауып, тетігін іске қосу бағытында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Сондықтан Білім беру
жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі
жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен Үш тілді қатар үйретумен байланысты. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. Міне осы мәселені ұжым болып өз жұмысымызда дұрыс пайдаланып, нәтижесін тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерімізбен көрсете білуіміз керек. Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық.Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу – ағылшын тілі.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Намысын найзаға шаншып,күре тамыры Көк бөріден нәр алған,көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе? Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты. Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді. Тіл – көп нәрсенің түйінін шешетін табылмас құрал. Қазақ халқы «жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп үлкен философиялық ой түйіп, жастарға өшпейтіндей өнеге қалдырған.
Бүгінде жас ұрпақтарымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетуі.
Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдына қойылған міндет — тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті — Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағылшын тілі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысуы.
Сол жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту болып отыр, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру — бүгінгі педагогтардың басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір баланың қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.
Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігіміздің артуы.
Қорыта айтқанда, күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Осыған орай білім беру жүйесіндегі педагогтарға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру – өмір талабы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Ағылшын тілін меңгермей, Қазакстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» — деп атап көрсетті.