МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Абжамалова Зайра Ауезхановна,
Ақмола облысы Есіл ауданы, Есіл қаласы

№2 «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі

Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.

Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр.

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеясын мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған-ды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленленетінін айтты. Идеяның негізі мынадай болатын: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек білім сапасы тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер, яғни білім жөніндегі құжаттардың конверсиялануын қамсыздандырып, бағдарлы оқытумен көптілділік арқылы ғана мүмкін екендігін көрсетуде.

Шет тілінің сапалы білімі уақыт талабы, адамның қарым қатынаста әрі өз ойын жеткізуде тіл білуі, оның еркін және де білімділігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

Үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру болып табылады.

Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет,байлық,халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы – білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға заман талабына сай өзгерістер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта елімізідң негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі мектепке дейінгі мекемелерде білім беру жүйесін қайта құру және дамыту болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемесі үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан да Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін , дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс ағылшын тілдерін, интернет тілін жетік меңгеруі — ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады »-деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілді қатар оқыту қолға алынды.

Мектепке дейінгі балалар жасында шет тілін үйрену қатынас құзыреттілігіне негіз қалау болып табылады.

Дәл осы жаста, яғни 3-6 жас аралығында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы болады, сонымен қатар олардың қабілеттіліктері дамып, айқындала түседі. Мұғалімнің ағылшын және орыс тілі оқу іс — әрекеттерінде, тәрбиешілерде тілдің қарым – қатынас тәжірибесінде болуға құптарлық түрткінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бала тілдерді неғұрлым ерте бастан меңгере бастаса, соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады, себебі әрдайым шет тілдеріндегі сөздерді өз ана тілімен салыстыра отырып жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.

Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Баланы үштілді мәдениетке баулудың мақсаты : тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуді үйрету. Мамандардың ұсынылған педагогикалық іс-тәжірибесінде үш тілді балаға үйретуді балабақшадан бастау бірізділік пен арнайы жүйе бойынша оқу іс-әрекетті ұйымдастыру үшін төмендегідей бағыттар қамтылған:

— Баланың сөздік қорын кеңейте тілін дамыту;
— Жаңа сөздердің мағыналарын жетік түсіну;
— Синонимдер мен антонимдерді қолдана білу;
— Сөз тіркесі , сөйлемдерді дұрыс қолдану;
— Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету;
— Диалог түрінде сөйлей білу.

Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Баланың тілін дамыту үшін ересек тобындағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, логоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы.

Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Заман талабына сай мнемотехникада ақпараттық технологияны тәжірибеге енгізу негізінде «бейнекөрсетілім» әдісі, интерактивті – мультимедиялық әдістерді қолданудың пайдасы зор. Интерактивтік жаттығулар-балаларға жаттағуларды дұрыс жасауға және өзін-өзі тексеруге қажетті құрал.

Үштілді меңгерту барысында сөздік жұмыстың алар орнны ерекше. Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, баланың жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға көмектеседі.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» — дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы баланың ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру балаларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы баланы дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан балаларғы сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор. Сөз байлығының аздығы балалардың өз ойын ауызша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан іс-әрекет кезінде сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Біріншіден, ол баланың сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді. Сөздік жұмысы кезінде мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.

2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.

3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу. 5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.


6.Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.

7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір бала сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.
Мысалы:
Алма- Ол алма-Ол қызыл алма . Яблоко-Это яблоко-Это кpасное яблоко.
Apple-This apple-This red apple.
Сөздікті байытудың негізгі көзі – сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды үйретіп отырған жөн.Балаға оқып берген, үйреткен материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.

Ал, өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі

Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.

Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.

Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек.

Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір- бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі.

Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарын көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған рухани бай ұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

Еліміз Егемендік алып еңсесін көтере бастағанында қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Демек біз өз мемлекетіміздің дүниежізілік деңгейдегі беделінің өсіп, 50 елдің қатарында олармен иық тіресе сөйлесе алуымыз үшін қазақ орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де сөйлеп тұрсақ, деңгейімізді танытқандығымыз емес пе.

Қысқасы мемлекеттігіміздің негізі – қазақ тілін пән ретінде оқыту мен бірге орыс ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет. Ол бүгінгі — заман талабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *