Шарипова Маржан Ахмедиевна, Даткина Аяулым Абдрахмановна, Қарағанды қаласы, КМҚК «Алтын сақа» балабақшасы тәрбиешілер
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үш тұғырлы тілдің маңызы зор. Халқымыздың рухани дамуы жолында да көптілділіктің берері көп. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне ширек ғасыр бойы сүбелі үлес қосып келе жатқан облысымыздың тіл жанашырларының да еңбектерін ерекше айтуымыз керек.
Қазақстан Респубдикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Сондықтан Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиеленуіне жаңашакөзқараспен қарауды қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін дара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдарыпедагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі-инновациямен Үш тілді қатар үйретумен байланысты.
Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. Міне осы мәселені ұжым болып өз жұмысымызда дұрыс пайдаланып, нәтижесін тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерімізбен көрсете білуіміз керек. Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл заман талабы еді. Орыс тілін үйреніп, орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік. Енді алдағы асу – ағылшын тілі. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.
Намысын найзаға шаншып, күре тамыры Көк бөріден нәр алған, көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу – әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе – бұл сүйініш, мақтаныш, ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе – бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшын тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе? Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі. Бұл бұзылмас заңдылық. Біздің балабақшада он алты топ бар, оны мемлекеттік тілде, алтауы орыс тілінде тәрбиеленеді. Орыс тілді білім алатын бүлдіршіндер қазақ тілін және ағылшын тілін қоса оқиды, ал мемлекеттік тілде білім алатын балалар ағылшын тілінде білімдерін кеңейтеді. Сонымен қатар ағылшын тілінде қосымша «АВС, s Frinds» вариативті компонент және «Hr.Greenky» атты үйірмелерге қатысады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады.
Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады. Біз – балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу–тәрбиеге ынталандырудамыз.
Балабақшамызда барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді. Осы балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында ағылшын тілін үйрену мақсатында ағылшын тілі әр балаға берген білімі бала жасына сай, кең көлемде түсінікті түрде өткізіледі.
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды, жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.
Балабақшамыздың орыс тілінде білім алатын өзге ұлт балалары жыл сайын қаламызда өтетін «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқауда Ибраева Күләш Муратбековнаның жетекшілігімен қатысып жақсы орындардан көрінеді. Балалрдың сөздік қоры мол, алдарына қойған мақсаттарына жете алады. Сонымен қатар балабақшамызда өтетін «Тіл күні», «Тәуелсіздік мерекесіне» арналған конерттерде балаларымыз үш тілде өз өнерлерін көрсетіп, әр ұлттың дәстүрі мен салтын анық көрсетіп жатады.
Балабақшада жүргізілетін сан-салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың Білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.
Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек.