Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940Баршатас ауылы, Аягөз ауданыШығыс Қазақстан облысы) — тарихшыжазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы 

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған.

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі,

1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,

1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы.

1987 жылы еркін шығармашылык қызметте,

1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы.[1]

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының сахибы.

Әңгімелері

Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды.

«Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды.

«Көкмұнар» (роман, 1972), «Бір атаның балалары», «Көк мұнар» (повестер мен әңгімелер), «Аласапыран» (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), «Шақан Шері» (роман), «Мен» (ғұмырбаяндық роман-хамса), «Құмырсқа-қырғын» (әңгімелер), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

Аласапыран

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали ЖалайридыңЕдіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан биМанақ батырДілшатАй-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының РесейИран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген.

Қобыз сарыны

“Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.

Жармақ

Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген «Жармақ» — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *