Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Ежелгі грек философиясы (ілімі, мектептері) деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек полистерінде (қала-мемлекеттерде), Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазына аталады. (Ежелгі Рим философиясы ежелгі грек философиясымен тікелей «Ежелгі грек-рим» немесе «Антикалық философия» деген атпен бірігеді).
3.2 Ежелгі Грек (антика) философиясы өз дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:
1) демократиялық (Сократқа дейінгі)-б.д.д VII-V ғ.ғ;
2) классикалық (Сократтық) — б.д.д. V-IV ғ. соңы;
3) эллиндік — б.д.д.IV ғ. соңынан — б.д.д. II ғ.ғ;
4) римдік — б.д.д. I-б.д. Vғ. аралығы.
Демократияық немесе Натурфилософиялық кезеңге «Сократқа дейінгі» философтардың шығармашылығы жатады:
1) Милет мектебі — «физиктер» (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен);
2) Эфестік Герклит;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер (Демокрит, Левкипп) т.б кейбір философтар.
«Сократқа дейінгі» натурфилософтар айналысқан негізгі мәселелер:
1) табиғат құбылыстарын түсіндіру;
2) космос мәні;
3) айналадағы дүние;
4) түп негіз мәнін түсіндіру.
Ежелгігрек философиялық мектептері мен бағыттары
№ |
Мектеп, бағыт |
Өкілдері |
1 |
Милет мектебі |
Фалес, Анаксимен, Анаксимандр |
2 |
Пифагорейлік мектеп |
Пифагор және оның шәкірттері |
3 |
Элейлік мектеп |
Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс |
4 |
Атомистер мектебі |
Левкипп, Демокрит |
5 |
Софистер мектебі |
Протагор, Горгий, Гиппий, Продик |
6 |
Платондық мектеп немесе Академия |
Платон және оның шәкірттері |
7 |
Аристотель немесе Ликей мектебі |
Аристотель және перипатетиктер: Теофраст, Аристоксен, Дикеарх, Стратон |
8 |
Эпикурлік мектеп |
Эпикур, Метродор, Гермарх, Лукреций Кар |
9 |
Киниктер мектебі |
Антисфен, Диоген |
10 |
Стоялықтар мектебі |
Зенон, Клеанф, Хриссипп, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий |
11 |
Скептиктер мектебі |
Пиррон, Секст Эмпирик, Энесидем |
12 |
Эклектиктер мектебі |
Филон, Антиох, Боэций, Посидоний, Цицерон |
13 |
Неоплатондық мектеп |
Саккас, Плотин, Порфирий, Ямвлих, Прокл |
Ежелгі грек (антикалық) философиясының ерекшеліктері:
1) полистердің экономикалық көркеюі — антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды;
2) ежелгі грек философиясы — материалды өндіріс процесінен қол үзді, ал философтар — дене еңбегінен азат, қоғамның рухани және саяси жетекшілігіне ұмтылысы бар дербес қоғамдық әлеуметтік ақсүйектер тобына айналды;
3) ежелгі грек философиясының негізгі идеясы — космоцентризм (Космос алдындағы қорқыныш, Космосқа табыну, материалды дүние мәселелерін: материалды дүние құбылыстарын түсіндіруге қызығушылықтың басымдылығы);
4) кейінгі кезеңдерде космоцентризм мен антропоцентризмнің (адам мәселесінің) бірігіп кетуі;
5) құдайлар тіршілігі мойындалады;
6) ежелгі грек құдайларының — табиғат бөлшегі ретінде қарастырылуы және адамдарға жақтас болуы;
7) адамның — табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі;
8) философиядағы екі бағыттың — идеализм («Платон бағыты») мен материализмнің (Демокрит бағыты) пайда болып, өзара басымдығының алмасып отыруы: Сократқа дейінгі кезеңде — материализм, классикалық кезеңде — бірдей ықпал, эллиндік кезеңде — материализм, ал римдік кезеңде — идеалистік.
Антикалық грек-рим философиясы. Ежелгі Грецияда философия б.д.д IV-V ғасырларда пайда болды. Басқа елдердегі сияқты, Ежелгі Грек философиясы да мифология негізінде пайда болды және өзінің онымен байланысын ұзақ уақыт бойы сақтады.
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері:
1) Милет мектебі;
2) пифагорлік мектептер;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер мектебі.
«Сократқа дейінгі» кезеңдегі философиялық мектептердің жалпы сипаты:
1) космоцентризм;
2) табиғат, дүние құбылыстарын түсіндіруге ұмтылыс;
3) дүние негізін, жаратушы мәнді іздеу;
4) гилозоизм (өлі табиғатқа да жан тән деп санау);
5) философиялық ілімдердің доктринерлік (талдауға жатпайтын) сипаты.
Милет мектебі б.д.д VI ғ. Ежелгі Грецияда — Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік — полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды.
Олардың әйгілілері:
- Фалес;
- Анаксимандр;
- Анаксимен болды.
Милет мектебінің өкілдері:
1) Материалистік позицияны ұстанды;
2) Философиямен ғана емес, басқа да нақты жаратылыстық ғылымдармен айналысты.
3) Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысты (сол үшін оларға «физиктер» — «табиғатты зерттеушілер» деген екінші ат тағылды).
4) Субстанцияны — дүние жаратылған бастапқы негізді ізденіс.
Пифагор — (б.д.д. VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы) ежелгі грек философы, математигі.
Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше:
1) дүниенің мәні сандар арқылы берілген (бүкіл дүниені, ондағы құбылыстардың құпиясын сандар арқылы өлшеп, тануға болады деп есептеді);
2) дүниені тану, түсіну үшін сандарды тануға шақырды (сан арқылы тану сезімдік және идеалистік сана аралығынан өтетін таным жолы деп санады);
3) «бір» санын дүниенің ең ұқсақ бөлшегі деп түсінді;
4) дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін «протокатегорияларды» табуға, көрсетуге тырысты «жұп-тақ, жарық-қараңғы, түзу-қисық, оң-сол, ер-әйел, т.б.).
Элеаттықтар — қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (б.д.д. VI-Vғ.ғ.) — өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс.
Элеаттықтар:
1) таным мәселесін зерттеді;
2) сезімдік таным (пікір «докса») мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты;
3) монизмді жақтады — көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдайды;
4) дүниетанымдары идеалистік сипатта болды: дүние, тіршілік — идеяның материалды бейнесі деп санады;
5) «апорияларды» — парадокстарды негіздеді.
Атомистер (б.д.д. V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден — «атомдардан» («атомос»-«неделимое»: «том» — «бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты.
Демокрит философиядағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды.
Демокрит ілімінің басты қағидалары:
1) дүние материалды;
2) материалды дүние атомдардан құралады;
3) атом-ең ұсақ бөлшек, дүниенің «алғашқы кірпіші»;
4) атом бөлінбейді;
5) атомдар түрлі көлемге (өте ұсақ немесе өте ірі, т.б) және түрлі формаға ие (дөңгелек, сопақша, қисық формада, т.б);
6) атомдар арасында бос кеңістік бар;
7) атомдар үздіксіз айналыс үстінде: заттар, тірі организмдер тіршілік етеді, ыдырайды, олардың атомдарынан келесі материалды дүние заттары мен жаңа тірі организмдер пайда болады, содан-соң қайтадан ыдырайды; осылай мәңгі айналыс жалғаса бермек;
8) атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде;
9) атомдарды сезімдік таным арқылы көру мүмкін емес.
Элей мектебі
Мектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының атымен аталды.
Элей мектебі
№ |
Өкілдері |
Өмір сүрген уақыты |
1 |
Ксенофан |
шамамен, б.д.д. 565-473 жылдар аралығы |
2 |
Парменид |
шамамен, б.д.д. 504-501 жылдарда туылған, дүние салған уақыты беймәлім |
3 |
Зенон |
б.д.д. 490-430 |
4 |
Самостық Мелисс |
б.д.д. V ғасыр |
Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс» «қозғалыс» — философиялық ұғымдарын қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын ғана баян еткен болса, элеаттықтар (әсіресе Парменид пен Зенон) алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік тәндік дүниенің «елес» екендігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне — ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.
Ілім тағдыры. Элеаттықтар ілімі Платон мен Аристотель және олардан кейінгі бүкілэвропалық философияға ықпал етті, ал Зенон апориялары әлі күнге дейін толассыз қызуғышылық пен шешу жолдары туралы талпыныстарға толы.