Үндідегі  философиялық мектептердің жалпы сипаты

Үндідегі  философиялық мектептердің жалпы сипаты

 

Б.д.д. VI-ғасыр шамасында Ежелгі философияның дамуы, түрлі бағыттарының, Ежелгі Үнді философиялық мектептерінің қалыптасу процесі басталды.

         Ведалық түсініктерді мойындау-мойындамауына байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері (даршандар) екі топқа бөлінеді:

1)     «Астика», «ортодоксалды», «негізгі», «ведалық» — Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.

2)     «Настика», «бейортодоксалды», «бейведалық» — Ведалық ілімге оппозициялық мектептер.

 

Ежелгі Үндідегі философиялық мектептер

 

Ведалық ортодоксалды мектептер:

Бейведалық, бейортодоксалды мектептер:

1

Веданта(б.д.д. IV-II ғ. ) — Вьяса, Бадараяна

Жайнизм( б.д.д. VI ғ.) — Махавира

2

Вайшешика(б.д.д. VI-V ғ.) — Кананда

Буддизм (б.д.д. VII-VIғ.) — Будда

3

Миманса(б.д.д. VI ғ.) — Джаймини

Чарвака — локаята —  Брихаспати

4

Санкхья(б.д.д. VI ғ.) — Капила

Адживика —  Макхали Госали

5

Ньяя (б.д.д III ғ.) -Готам

 

6

Йога(б.д.д. II ғ.) — Патанджали

 

 

2.3  Ортодоксалды және бейордоксалды мектептер

 

Ортодоксалды немесе ведалық мектептер — Ведаларды қасиетті деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар. Ортодоксалды ведалық мектептерге миманса, веданта және ведалармен қатар басқа білім деректерін де мойындайтын ньяя, вайшешика, санкхья, йога жатады.

Веданта — дербес мектеп ретінде басқа ортодоксалды мектептерден кешірек — (б.д. VII-VIII ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндері, Бхагавадгита, т.б)  ғана болғаны туралы айтуға болады.

Бейортодоксалды  (бейведалық)  мектептер деп Ежелгі Үнді философиясының Ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін (чарвака, буддизм, жайнизм) атайды.

Сонымен буддалық 4 ізгі (арийлік)  ақиқат мыналар:

1)     өмір — азап;

2)     азап біздің нәпсі, тілектерімізден туады (даңғойлық, дүниеқұмарлық, рахат күйге ұмтылу, т.б.);

3)     азаптан құтылудың жолы бар. Азаптан ұтылу үшін тілектерден, құмарлықтан арылу қажет;

4)     бұл дүниелік тілектерден құтылудың, нирванаға (Ұлы Азаттыққа)  жетудің және жетілудің 8 жолы бар.

1)     дұрыс көру: өмірлік бағытын буддизм ақиқаттары тұрғысынан анықтау; 

2)     дұрыс ойлау: адам өмірінің сапасы  — сол адамның ойларының сапасына байланысты; нашар ойларды ізгі ниеттерге алмастырғанда өмір де жақсарады; 

3)     дұрыс сөз: адам сөзі оның жанына, мінезіне әсер етеді, сондықтан сөз мәдениеті қадағалануы тиіс; 

4)     дұрыс әрекет: өзгеге қиянат жасамау, басқалармен және ең бастысы, өзіңмен үйлестікте гармонияда өмір сүру; 

5)     дұрыс өмір салт: әрбір әрекетте буддалық қағидаларды сақтау;         

6)     дұрыс білік: еңбекқорлық, ыждағаттылық, тыңғылықтылық;

7)     дұрыс зейін: өмір — ойға негізделгендіктен, ой жүйесін бақылау;

8)     дұрыс назар — Космоспен байланысты жүйелейтін медитацияларды үзбей жалғастыру.

Немесе «сегіздік жолдың»  келесі бір нұсқасы төмендегідей:

1)     шынайы көзқарас;

2)     шын ниет;

3)     шын сөз;

4)     шынайы іс-әрекет («ахимса» — тірі жанға зиян келтірмеу); 

5)     шынайы өмір сүру тәсілі;

6)     шынайы талпыныс  (hарам ниеттен таза болу);

7)     есте сақтау (барлығы өткінші екенін естен шығармау); 

8)     шынайы зейін қою, ойды жинақтау (ойға бату, рухани үңілу, өмірдің мәніне көз жеткізу).

Будданың 5 қағидасы:

1)     өлтірме!; 

2)     ұрлама!; 

3)     ізгілікті, иманды бол; 

4)     өтірік айтпа!;

5)     естен адастыратын, масайтатын нәрселерді қабылдама.

Буддизмнің шығуы — касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысындағылардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі болды.

 

Төрт ақиқат

Ақиқаттар

Түсіндірмелер

Өмір дегеніміз — азап

«туылу дегеніміз — азап, аурулар мен өлім азап,сүйгеніңнен айырылу азап, сүймегенге қосылу — азап. Өмірдегінің бәрі — азап»

Азаптың қайнар көзі —

біздің өз тілектеріміз

Азаптардың басты себебі — бізге әрдайым бірдеменің керек болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан

Азаптан құтылу үшін

тілектерден арылу қажет

Тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз

Тілектерден арылу үшін,

Буддалық  «Құтылудың

сегіз жолын» ұстану қажет

Адам өзін-өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанмен, тамақ ішу, жеу, жүріп-тұру т.б тілектер сарқылмайды. Өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты

 

Буддалық «Азаптан құтылудың сегіз жолы».

Сатылар

Түсіндірмелер

1

Дұрыс көзқарас

Төрт ақиқатты және Будданың ілімдерін толық білу

2

Дұрыс шешім

Өз өмірін Буддалық ілімге сәйкес өзгертуге деген берік шешім

3

Дұрыс сөз

Өтірік — өсектен, ауыр сөздерден, орынсыз әңгімелерден тартыну

4

Дұрыс тәртіп

Түрлі жаладан, ұрлықтан, өз тілектерін бұрыс жолмен қанағаттандырудан бас тарту

5

Дұрыс өмірсалт

Өмірді адал жолмен қамтамасыз ету: өзін аман алып қалуда харам кірісті пайдаланбау

6

Дұрыс күш жұмсау

Ақиқат жолынан таймау, жаман ойларды жойып, ақыл-ойды жаңа, адал ойлармен толықтыру, жаңарту

7

Ойды дұрыс бағыттау

Заттар мен адал тәннің өткінші екенін ұғыну: менің денем

-«Мен» емес. Дене — сүйектен, қаннан, сіңірден құралады, яғни ол ажалды, сондықтан шіритін массаға айналады. Демек оған және жойылып-жоғалатын уақытша заттарға өкіну орынсыз

8

Дұрыс назар

(төрт деңгей)

1-деңгей — ақылды қуанышпен, самарқаулықпен және таза ойлаумен рахаттандыру

2-деңгей — қуаныш пен тыныштықты ұғыну

3-деңгей — нағыз мызғымастық, тәндік сезімдерден босау және мызғымастық пен бостандықты ұғыну

4-деңгей — мызғымастық пен бостандық ұғымынан құтылу, еш мызғымастық; азап пен құтылу қажет болмайтын өзін-өзі билеу және жоғарғы селқостық жағдайы

 

Жайнизм 

 

Ежелгі Үндіде б.д.д VI-V ғасырларда пайда болып, қазірге дейін тіршілік етіп келе жатқан діни-философиялық ілім.

Негізін қалаушы — Вардхамана (б.д.д VI-V ғ) деп саналады. Вардхамана көбіне Махавира («Ұлы батыр») және Джина («Жеңімпаз») деп те аталады. «Жеңімпаз», «Ұлы батыр» есімдері — оның өз құштарлығын жеңіп, рух азаттығына жетуі құрметіне берілген.

Жайнизм өз ішінде екі негізгі бағытқа бөлінеді:  шветамбарлар  («ақ кигендер») және дигамбарлар («жалаңаштанғандар», «ауаны киім еткендер»). Екі бағыт та бірдей философиялық көзқарасты ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана байланысты.

Негізгі еңбектері. б.д.д VI- ғасырда жазылған «Шветамбарлар каноны» — (бұл кітапқа Махавираның еңбектері де енген). Дигамбарлар бұл канонның ең ежелгі бөлімдерін ғана мойындайды.

Философиялық көзқарастары. Жайнистер құдайдың бар екеніне сенбейді. Олардың ілімінде «Бірегей жан» немесе Құдай жоқ: дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін жан бар. Жанды да, материяны да ешкім жасамаған, олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады. Жан — барлық заттар мен құбылыстарға ене алатын, тани алатын, бәрінен құдіретті болуы тиіс, әйтсе де жанның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен шектелген.

Олaр сыртқы дүниені және ондағы объектілердің реалды тіршілігін мойындайды. Жайнистер ілімі бойынша, екі мәңгілік бастама және мән бар: жаратылмаған және жойылмайтын тірі джива (жан) және өлі аджива (материя, кеңістік, уақыт, эфир).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *