Telegram-арнасы хабарлағандай, Шешенстан басшысы өзіне берліген шенді жарғыға сәйкес қабылдап алған. Сондай-ақ, бұған дейін ішкі істер министрлігінде болған Қадыров енді басқа бөлімге ауыстырылған. Бұдан былай ол Ресей гвардиясында қызмет етеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Шешенстан басшысы оның жұбайы Медни Қадырованы және қыздары Айшат пен Каринаны қара тізімге енгізген болатын. Елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, бұл шешім Қадыровтың Шешенстан Республикасында адам құқықтарын өрескел бұзу әрекеттеріне қатысуына байланысты.Помпео мемлекеттік департамент Қадыровтың он жыл бұрын орын алған адам құқықтарын сансыз бұзу, оның ішінде азаптау және соттан тыс өлім жазасы үшін жауап беретіндігі туралы ауқымды расталған ақпараттарға ие екенін айтты. Пампеоның мәлімдемесіне кейін көп ұзамай Шешенстан басшысы өзінің Telegram арнасында жауап қатты. Айта кетейік, қара тізімге ену АҚШ-қа кіруге тыйым салынады дегенді білдіреді. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866488-putin-ramzan-kadyrovka-general-major-senin-berdi.html