Абайдың қара сөздерін жаңа технологиямен оқыту

Аннотация. Жаңаша оқыту – заман талабы десек, соңғы жылдары К.Жанпейісова салған модульдік оқыту технологиясын мектеп ұстаздары мен жоғары оқу орнының оқытушылары да өз сабақтарында қолданып, тиісті нәтижеге қол жеткізуде. Аталмыш мақалада 8 сыныпта қазақ әдебиеті сабағын модульдік оқыту технологиясының негізінде өтілген бір сабақтың үлгісі көрсетілді.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтеріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл, әрине, мұғалімге көп ізденісті талап етеді.

 

Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – оқушының танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету.

Оқытуды ұйымдастыру  белгілі бір тәртіпке түсірілген, нақты режим бойынша арнайы ұйымдастырылатын, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін дамыту мен қалыптастыру үшін пайдаланатын оқу-тәрбие жұмысының түрі. Оның іс жүзінде жүзеге асырылуы сабақ арқылы көрінеді. (3.36)

Сабақ  уақыты шектеулі, логикалық тұрғыдан құрылымы белгіленген, мазмұны жоспарланған оқу-тәрбие үрдісінің формасы. Сабақ жоспарын құру барысында мұғалім өзінің алдына өтілетін тақырыптың басты мақсаты етіп білім беруді, тәрбиелеу мен дамытуды қоя отырып, оқушылардың тәуелсіз еліміздің, толыққанды азаматы болып қалыптасуын нысана ету керек. Ол үшін мұғалім әр сабаққа даярланғанда: осы тақырыпқа байланысты қандай көлемде білім беремін, қай бағытта тәрбие жұмысын ұйымдастырамын (тәрбиелік іс-әрекетті өтейін деп отырған тақырыппен қалай байланыстырамын), осы тақырыпқа сай баланың бойына қандай ізгілік қасиетті сіңіремін, оның ойын, қабілетін, сезімдік өрісін қайтіп дамытамын, танымдық дарынын қалай қалыптастырамын деген т.б. мәселередің оңтайлы шешімін табуды ойластырып, оның тиімді жолдарын іздестіруі керек. Осы орайда мұғалімдер қауымы білім берудегі жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырғаны жөн. Қазіргі таңда технологияның бірнеше түрлері тәжірибеде қолданыста жүр. Солардың бірі модульдік оқыту технологиясы К.Жанпейісова салған модульдік оқыту технологиясын мектеп ұстаздары мен жоғары оқу орнының оқытушылары да өз сабақтарында қолданып, тиісті нәтижеге қол жеткізуде. Мысалы, 8 сыныпта қазақ әдебиеті сабағын модульдік оқыту технологиясының негізінде өтілген бір сабақтың үлгісін көрсетуді жөн көрдім.

Модульдік оқытуда оқушы жаңа тақырыпты өздігінен меңгеріп, өздігінен ереже, анықтамалар қорытып шығаруға мүмкіндік алады және тақырып бойынша қорытынды деңгейлік тапсырмалар орындайды. (2.13)

Слайд №1 Модульдік технологияның ерекшелігі оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдай лар арқылы дамытуға бағытталуы.

Модульдік дегеніміз – қандай да бір жүйенің ұйымның анықталатын дәріс бөлімі.

Оқу модулі 3 құрылымды бөліктен: кіріс пе, сұхбат және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде: Оқушыларға оқу модулінің жалпы құрылымы, мақсат – міндеттері таныстырылады, сонан соң есептелген оқу материалы қысқаша сызба, кесте тағы да басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіріледі.

Сұхбат бөлімінде: танымдық процесс дамиды. Сыныпты 2 – 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне, ізденуіне ықпал етеді. Оқушы – ізденуші, сөйлеуші, қорғаушы.

Қорытынды бөлімінде: барлық өтілген материалдарды тест, сынақ диктант, деңгейлік жұмыстар арқылы тексеру, байқау, бақылау.

 

Мысалы, 8 сыныпта әдебиет сабағын күнтіз- белік жоспар бойынша бірнеше модульге болады.

Слайд №2 Модуль № 3

8 сағат. Әдебиет. 8 сынып Абай Құнанбаев шығармашылығы

Бөлім

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың түрі

Іс-әрекет

Сағат саны

Пайдаланылған әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

Кіріспе

«Абай қазақтың бас ақыны» (өміріне, шығармашылығына шолу)

Жаңа сабақты түсіндіру

Әңгіме, дәріс

2

А.Құнанбаев. Шығармалар жинағы,

І. ІІ том

 

Абай-қазақ поэзиясының

Сұрақ жауап,

Адам, қоғам,

1

«Абайды оқы, та-

 

пайғамбары

топпен жұмыс

еңбек

 

ңырқа»;

   

Сұрақ жауап,

     
 

Абайдың қара сөздері ру-

топпен жұмыс

Адамгерші-

 

«Әдебиет теориясы»

 

хани мұра

 

лік ақыл, қайрат,

2

Абайдың қара сөздері

   

Сұрақ жауап,

жүрек

   
   

топпен жұмыс

     
     

Ақын,

   

у

Жаздым үлгі жастарға бер-

 

сазгер, сөз

 

М.Әуезов «Абай

тас

мек үшін

 

зергері

1

жолы»,

Сұхбат

       

І, ІІ том

Қорыты нды

«Абай – қазақ халқының данышпаны»

Шығарма

 

2

 

Сабақтың тақырыбы: Абай қазақтың бас ақыны.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың Абайдың өмірін, шығармашылығын қалай меңгергенін байқау; лирикаларын, қарасөздерін тереңірек меңгерту; өлең құрылысына дұрыс талдау жасай білуге үйрету.

ә) дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге баулу; дүниетанымын кеңейте отырып, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

 

б) тәрбиелік: мейірімділікке, имандылыққа, сезімталдыққа, тыңдай және сөйлей білу мәдениеттіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау – жинақтау Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі:

    1. Теледидар, слайд
    2. компьютер, интерактивті тақта
    3. электронды оқулық
    4. кестелер (тапсырмалар)
    5. буклет, кітаптар

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, әңгімелеу, топтастыру, мәнерлеп оқу, оқырман пікірі.

Болжамдап отырған нәтиже:

Оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын, лирикаларын, қарасөздерін жетік меңгереді. Өлең құрылысына талдау жасай алады. Өз ойларын еркін де сауатты жеткізе білетін, мәдениеті тұлға, қалыптасады. Бүгінде «жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей дәулет жоқ» екенін парасаттамайтын «ұрлық пен қулықты қызық көретін» жастарды мінез құлық пен имандылыққа үйретерін адам болуымызға жол нұсқайтын асыл – Абай мұрасы,

дей отырып, интерактивті тақтаны іске қосып, электронды оқулықты тыңдату.

Слайд №3. «Абай – махаббат жаршысы»

«Абай –дана, Абай –дара қазақта» қарасөздеріндегі даналық оқырман пікірі

Слайд №4. «Абай ұрпақтары және шәкірттері …» сызба (слайд)

 

IY Қорытындылау бейнетаспадан көрініс Абай бейнесін сомдау

Слайд №5. Сұрақ-жауап әдісі арқылы жұмыс Абай кім?

Абай лирикаларын ата Қанша қара сөзі бар?

Қай поэмасын аяқтамаған?

«Абай үні, Абай тынысы » деп кім айтты? Абай лирикаларына тән қандай тірек сөздерді алуға болады?

Абай туралы роман – эпопея.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Абай – данышпан ақын, ол жай данышпан емес, түпсіз тереңнен толғайтын, талай замандардың ақыл-ойын сыйғызған ғұлама ғалым, кемеңгер, данышпан.

Ол даналықты өзінің туған табиғатынан үйренеді, туған халқын білім алуға шақырады. Соның барлығын өз санасында, өз жүрегінде

қорытып, туған халқына ұсынады. Демек, Абай – ұлы тұлға, оның шығармашылық өмір жолын қалай меңгергендеріңді байқаймыз.

Слайд №6. Өткен тақырыпты пысықтау – жинақтау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мыңмен жалғыз алыстым ол . . . Күнә қойман . . .

Шер де, тер де төгілді тұла бойдан. Қалды ұлы мұралар бұл Абайдан, Жеңілетін, жеңбейтін мына майдан . . . Абай жайлы сөз қозғасақ, данышпандық,

көрегендік, ұлылық ұғымдары қоса жүреді. Сондықтан біз Абай мұрасын мәңгілік «Өнеге мектебі» дейміз. Бүгінде «жан алмай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей дәулет жоқ» екенін парасаттамайтын, «ұрлақ пен қулықты қызық көретін» жастарды мінез – құлық пен имандылыққа үйрететін, адам болуымызға жол нұсқайтын асыл – Абай мұрасы, дей отырып, компьютерді іске қосып, электронды оқулықты тыңдату.

Слайд №7. «Топтастыру» стратегиясымен жұмыс

Абайдың махаббат лирикасы

Абайдың табиғат лирикасы

Ғылым – білімге арнаған өлеңдері

Абайдың әлеуметтік лирикасы

Талқылау картасын тарату.

Уақыт беру, интерактивті тақтадан өлеңдерін талдату. (әдеби-қисындық талдау)

Жұппен бірігіп, топтастырып шығады. Қорытындылау.

Біз Абай Құнанбаевтың шығармаларымен өткен сабақта танысып, өлеңдеріне теориялық тұрғыдан талдау жасағанбыз. Бүгінгі сабағымызда ерлік поэзиясын жасаған өршіл ақынның шығармашылығының жаңа бір қырынан пысықтаудамыз. Сондықтан да Абайдың лирикаларын топтастыру мақсатымыз осы еді. Сендердің жұптық жұмыстарыңнан байқағанымыздай, Абай лирикасы ізгілік ілімі.

Тірек сызба модульмен жұмыс. Үйге тапсырма:

  1. Көрнекі құралдағы тірек сызбадан Абай лирикасын жүйелей отырып, әрқайсысына жауап іздейсіздер.
  2. Әр тақыраптан бір өлеңнен жаттап келесіздер.

 

Әдебиеттер:

  1. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А.Рауан,1997.
  2. М. Жанпейісова.Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2004.
  3. Қ. Тасболатұлы.Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негізі. – Тараз, 1999.
  4. Т. Мейірманқұлова.Жаңа инновациялық технологиялар. – Алматы, 2005.
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. – Алматы, 2010-2011.
  6. М. Әуезов. «Абай Құнанбаев» монография. – А.,1995.
  7. С. Байсейітова. Әдебиет сабағын модульдік технология негізінде оқыту. Тараз, 2008.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *