Техникалық регламент нормативті—құқықтық құжат болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, үрдістің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген.
Техникалық регламент(ТР) – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары емес, билік органдары қабылдайды, мысалы Үкімет немесе Парламент (Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді және Президент бекітеді). Техникалық регламент – бұл техникалық заң. Регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерді дайындау және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
2010 жылдың қазанында 71 техникалық регламент қабылданды және 20-дан аса регламенттер бекітілуге дайындалуда. 180—нен аса техникалық регламент жасау және 30 мыңнан аса стандарттарды қайта қарау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды 2012 жылда аяқтау көзделіп отыр.
Жұмыстар:
—өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік;
—ғимараттарды, құрылыстарды және олардың территорияларына жататын нысандарды пайдаланудағы қауіпсіздік;
—өрт қауіпсіздігі;
—биологиялық қауіпсіздік;
— электромагнитті сыйымдылық;
— экологиялық қауіпсіздік;
— ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
— химиялық қауіпсіздік;
— электрлік қауіпсіздік;
— ақпараттық қауіпсіздік;
— токсикологиялық қауіпсіздік;
— өлшемдердің бірыңғайлығы;
— азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі;
— балалар тағамының қауіпсіздігі;
— механикалық қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында қабылданған Техникалық регламенттерге:
1. Геофизика, геологиялық зерттеу, мұнай-газ және бұрғылау саласының жабдықтарының қауіпсіздігіне арналған талаптар;
2. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға шығары-латын автокөліктік құрылғылардың зиянды заттарына (ластаушы) арналған талаптар туралы;
3. Автомобиль жолдарын жобалаудағы қауіпсіздік талаптары;
4. Автомобиль жолдарын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары;
5. Автокөліктік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
6. Өндіріс обьектеріндегі дабылдық түстерге, ескертулерге және қауіп-сіздік белгілеріне арналған талаптар;
7. Өрт болған жағдайда адамдарды көшіруде басқаруға, автоматтан-дырылған өрт дабыл қаққышының және автоматты өрт сөндіру жүйесінің ғимараттарының, қоймаларының жабдықтарына арналған талаптар;
8. Баптауға, таңбалауға, этикеттеуге және олардың дұрыс салынуына арналған талаптар;
9. Ғимараттарға, аумақтарға және оларға енетін территорияларға арналған талаптар;
10. Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының қауіпсіздігі;
11. Тұрмыстық химиялық тауарлар мен синтетикалық жуғыш заттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
12. Еріткіш заттар мен бояу материалдарының қауіпсіздігіне арналған талаптар;
13. Парфюмерлік—косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
14. Дәндердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
15. Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препараттардың және дәрілік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
16. Улы химикаттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
17. Сәйкестікті бекіту процедуралары;
18. Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
19. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
20. Крахмал және крахмал өнімдерінің, ұнтақтық өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
21. Жем және жемдік қосылыстардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
22. Тұрғындар қолданатын ауыз судың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
23. Шырын және шырындық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
24. Көкөністердің, жемістердің, тамырлық өнімдердің және оларды өңдеуге арналған өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
25. Мұнай базалары мен жанармай құю бекеттерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
26. Емдік-профилактикалық, диеталық және балаларға арналған азық-түлік тағамдарының қауіпсіздік талаптары;
27. Белгілі бір сыйымдылыққа құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
28. Кондитерлік, нан және нан өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
29. Тағамдық қосылыстардың, олардың өндірісі мен айналымының қауіпсіздігіне арналған талаптар;