АҒЫТУ (Отключение) — 1) құрылғының ажыратылған қалып-күйге ауысып, қызметінің токтатылуы; 2) есептеу желілерінде — сеанстың аяқталуы.
АДРЕС — құрылғыны немесе жады ұяшығын белгілейтін сан, символ немесе символдар тобы.
АҚПАРАТ — айналадағы ортадан кабылданатын (кірістік ақпарат), айналадағы ортаға берілетін (шығыстық ақпарат) немесе кейбір жүйенің ішінде сакталатын (ішкі ақпарат) мәліметтер жиынтығы.
АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ — алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді (бір ережеге жинастырылған нұсқаулар бойынша) түрлендіру әдісі.
АҚПАРАТТАНДЫРУ — адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын камтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.
АҚПАРАТТЫ САҚТАУ — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу.
АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ — сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардың бірі.
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ — қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР — кітапханаларда, мұрағаттарда, корларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да акпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
АЛМАСУ БУФЕРІ — 1) қосымша бағдарламалар арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыруға арналған, әрі Windowsжүйесімен бөлектелген жедел жады аймағы; 2) Windows ортасында — құжат бөліктерінің көшірмесін уақытша сақтауға арналған жадының арнайы аймағы; 3) Windowsоперациялық жүйесінде әртүрлі құжаттар мен қолданбалы бағдарламалар арасында ақпарат алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнайы бөлігі, яғни аралық жады не буфер; 4) құжаттар мен қолданбалы бағдарламалар арасында мәліметтер алмасу кезінде ақпаратты уақытша сақтауға арналған орын.
АНТИВИРУСТЫҚ БАҒДАРЛАМА – компьютер бағдарламаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын бағдарлама.
АППАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА — компьютердің тұрақты жадының үлкен интегралдық схемасында іске асырылған микропроцессорлық бағдарламалық жасақтама.
АРАЛЫҚ — 1) уақыт кесіндісі; 2) тасуыштағы мәліметтер мен құрауыштардың ортасындағы аралық.
АРНАЙЫ СИМВОЛ — пернетақтада жоқ, алайда экранға немесе принтерге шығаруға болатын таңба немесе символ.
АУЫСТЫРУ РЕЖИМІ — 1) терілген бұрынғы символдарды жаңа символдармен алмастыруды жүзеге асыру; 2) экрандық редакторларда — пернетақтадан енгізілетін таңба меңзермен нұсқалатын таңбаның орнын алмастыратын режим.
АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШ — 1) есепті шешу алгоритмдерінің баламалы тармақтарын таңдауға автоматты түрде немесе бағдарламаның тапсырмасы бойынша қосылған, кейде іске қосылмаған қалпында алынған схема элементі.
БАЗА — 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін, әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жады адресі.
БАПТАУ — 1) жұмыс уақытында оның ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу үрдісі; 2) қолданбалы бағдарламаны нақты компьютерде, оған қосылған сыртқы құрылғыларды пайдаланып, жұмыс істеуге бейімдеу (оның параметрлерін орнату).
БАС МӘЗІР — әдетте, қолданбалы бағдарламалардың жоғары жағында тақырыбынан соң орналасады.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ — жұмыс ортасы ыңғайластырылатын арнайы терезе.
БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТІ — бағдарлама жұмысын басқаруға және ақпаратты енгізу мен шығаруға арналған пайдаланушының графиктік интерфейсінің құралы.
БАСПА (ПРИНТЕР) — мәліметтерді баспа құрылғысына шығару. Ақпаратты басу арқылы қағазға шығарып беретін құрылғы.
БЕЙНЕАДАПТЕР (Видеоадаптер) — монитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.
БЕЙНЕКАРТА (Видеокарта) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.
БЕЛСЕНДІ БЕТ, ПАРАҚ — Windows жүйесіндегі қолданбалы бағдарламаларды басқаруға арналған экран бетінің ең үстінде орналасып, жұмыс істеуге дайын тұрған парақ.
БЕЛСЕНДІ ТЕРЕЗЕ — Windowsтерезелерінің берілген экранда көрініп, өз құжатымызды басқаруға арналған элементтері көрініп, жұмыс істеп тұрған ең үстіңгі терезесі.