Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделi заттың бiрiне жатады. Оны таза күйiнде алу өте қиын таза су барлыкқ yaқыттa жеңiл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр жене аса ауыр судан турады.
Басқа затгармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттерi бар.
1. 00С ден 40С дейiн қыздырғанда судың көлемi көбеймейдi, керiciнше азаяды, ең максималды тығыздық мағынасы су қататын нүктеде (00С ) емес 40С -де болады.
2. Басқа денелердей емес, су көлемi қатқанда сығылысудың орнына үлкейiп, оның тығыздығы төмендейдi.
3. Қысым көтерiлгенде судың қату температурасы көтерiлмейдi, ол төмендейдi.
4. Басқа заттардың сыбағалы жылылық сыйымдылығымен салыстырғанда судың сыбағалы жылылық сыйымдылығы өте жоғары.
5. Диэлектрлiк тұрақтытылығы өте жоғары болғандығына байланысты судың ерiткiштiк және диссоциалау қасиетi басқа сұйықтықтармен салыстырғанда жақсылау.
6. Сұйықтықтардың iшiнде судың беттiк керуiнiң шамасы ең жоғары – 75*10-3 Дж/м2.
7. Булану кезiнде жылу сiңiрiледi, ал будан конденсациялану мен қату кезiнде керiсiнше жылу бөлiнедi.
Ауытқулықтың болу себебiнiң бiрi оның құрылысының ерекшiлiктiгiнде және су молекулаларының бiр-бiрiмен күштi байланысатындығында. Жер бетiндегi барлық тiршiлiктiң суға байланыстьтығының негiзi осы ауытқулықтың болуы. Су табиғатта үш aгpeгaтты күйде: сұйық, қатты және газ тәрiздi түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысымен жүредi десек қателеспеймiз.
Академик А. Карпинский су туралы былай деген:»Су — ең бaғалы байлық. Су — тек минералды шикiзат. Ол тек өнеркәсiп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғaнa емес, сонымен бiрге өмip жоқ жерге тiршiлiк сыйлайтын ыстық қан».
Су — тipi материяның негiзi. Қазiргi кезде сулы ортада тiршiлiк eтетеін жануарлар түрiнiң саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7%, ал суда өсетін өсiмдiктер түрінің саны 10000 (8%). Жануарлардың iшiнде балықтардың шамамен 16000 түpi, былқылдақ денелiлердiң 80000 түpi, шаянтәрiздiлердiң 20000-нан астам түpi, қарапайымдылардың 15000-ғa жуық түpi және т.б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75%, кейбiр өciмдiктер массасының 89-90% судан тұрады .
Адам ұрығының (эмбрионының) 97%-i су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80%-i судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесiнiң 65-70% су, улғайған сайын су мөлшерi адам денесiнде 60%-ке дейiн төмендейдi. Осы деңгейден денедегi судың мөлшерi 10-12% төмендесе, организм әлсiреп, жұмыс атқару қабылетi жойылады, ал организмдегi судың көлемi 25%-тен төмен түссе, адам өмірінe қауiп төнедi. Кейбiр жан-жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар) тек қана сулы ортада тiршiлiк етедi. Себебi организмдердегi судың мөлшерi азайғанда ас қорыту және де басқа процестер бұзылады, яғни организмдегi тепе-тенңдiк бұзылып, әртүрлi ауыр жағдайға әкелiп соғады. Негiзiнде барлық организмдердiң өсiп-өнуiне таза су қажет, сондықтан сумен жабдықтау көздерiне, судың сапасына ерекше маңыз берiледi.
Судың гигиеналық, маңызды зор. Ол адам денесiн, үй жайды, күнделiктi қолданылатын бұйымдарды және т. б. таза санитарлық жағдайда ұстауға пайдаланылады.
Пайдалылығымен қатар суды адам организмiне қауiп төндіретін кез деп те қарауға болады. Бүкiлдүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша жұқпалы аурулардың 80%-тi судың қанағаттанарлық емес сапасына не оның жетiспеуiне қарай санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуына байланысты. Шамамен 2 млрд. адам санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкессiз суды қолданып отырғандарына байланысты жыл сайын 5 млн. адам, оның iшiнде жартысынан көбi балалар, әр түрлi аурулардан өлуде.
Кермек суларды тұтынудан адамның несеп және өт жолдарына тас байланады, ал кейбiр тұздар жеткiлiксiз болса жүрек-қантамыр аурулары жиi кездеседi. Ауыз суда фтор жетiспесе – тіc жегiсi (кариес), ал шамадан артық, болса флюороз ауруына шалдығады. Суды хлорлау кезiнде түзiлетiн органикалық заттектерi мол хлорорганикалық қосылыстар, немесе ақаба сулармен тауы басқа жолмен ауыз су ететін пестицидтер, кейбiр ауыр металдар, радиоактивтi элементтер, канцерогендер болып табылады.
Қазiргi кезде Қазқстан тұрғындарының 25% таза сумен қамтылмаған. Оның бiр себебi өзеңдер мен көлдердiң (Epтic, Есiл, Жайық, Нура, Сырдария, Балқаш және т.б.) гидроэнергетикалық құрылыстар және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың ақаба суларымен ластануының салдарынан табиғи режимiнiң бұзылуы. Осының салдарынан көптеген аурулар түрлерiнiң таралуы oрын алып келедi.
2. Жер планетасы және су қабаты.
Жер шарыньң сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңiздер, өзендер, тоғандар,. ми батпақ топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ayaдaғы сулар кіредi. Дүние жүзiнiң 3/4 бөлiгi су. Мұхит пен теңiздердiң жалпы аудандары құрғақ, территорияның ауданынан 2,5 есе артық. Гидросфера биосфераның басқа бөлiктерi — литосфера (жер асты сулары), атмосфера (булы дымқыл) және оларда тiршiлiк ететiн тipi организмдермен тығыз байланыста. Гидросфераньң жалпы көлемі 1455 млн км3 (l-шi кесте).