Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Аймақта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы ауылдық елді мекендерге 5,1 мыңнан астам жас маман барған. Жастардың баспана мәселесін шешу барысында, биыл республикалық бюджеттен 1 млрд 495,2 млн теңге бөлінді. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 55%-ға артқан. Ал бір реттік жәрдемақы беруде бюджеттен 117 млн теңге қарастырылылды. Қаражат 421 адамға жетуі тиіс. Қазірдің өзінде 34 жас маманға 9,4 млн теңге берілді. Үй тұрғызуға 80 жас ынта білдірді. Оларға 324,9 млн теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Үй салғысы келетіндердің 39-ы ұстаздық қызметте болса, 23-і денсаулық сақтау саласының мамандары, деді Архимед Мұхамбетов.
Жалпы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 3590 жас маман ауылдық елді мекендерге мұғалім болып барған. 3373 маманға 410,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақысы төленіп, 1466 мұғалімге 3,5 млрд теңге ипотекалық несие берілген. Аталған бағдарлама аясында ұзын-ырғасы 15 мыңға таяу медицина маманы ауылға жұмыс істеуге барған. Оның 1900-ы дәрігер, 6 мыңнан астамы − медбике.