Министр еліміздегі карантинді жеңілдету қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді

Бұл туралы Алексей Цой «Хабар 24» телеарнасындағы «Рахым Ошақбаевпен дөңгелек үстел» бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, қазір карантинді жеңілдету бойынша арнайы жоспар дайындалып жатыр. «Жақын арада көпшілікті осы жоспармен таныстырамыз. Біз халықаралық тәжірибені зерттеудеміз, көптеген сарапшыларды тарттық. Әлем елдері карантинннен қалай шықты және қандай шаралар қолданды. Карантинннің бірден алынып тасталмайтыны түсінікті ғой»,-деді министр. Алексей Цойдың айтуынша, карантинді жеңілдету шаралары сатылап жүзеге асырылмақ. Бұл ретте елдегі эпидемиологиялық жағдай назарға алынады. «Мүмкін денсаулық сақтау саласы бойынша, қандай да бір өктемдік жүргізіп, демалыс күндері локдаун жариялармыз. Ара қашықтықты сақтап, жұмыс орнында шектеу шараларының көптеген тәсілі бар. Жалпы қазіргі кезде әлемде вирусты тоқтатудың түрлі тәсілдері сынақтан өтіп жатыр»,-деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866293-ministr-elimizdegi-karantindi-zeildetu-kalaj-zzege-asyrylatynyn-tsindirdi.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *