Акпанова Замира Балтагуловна,
Акмола облысы Зеренді ауданы
«Айналайын» б/б тәрбиешісі
«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз… Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз» Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.
Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жол деп сүйген, Отан үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзенттеріне жолдады.Замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін, батыр да батыл өр адамына айтады. Қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тұрып,қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін озат ұл-қызына айтады. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат-«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Тіл-халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәрімізде қолдаймыз. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі. Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дегендей өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Егеменді елімізде әр балабақшада да үш тілді қолданып жүрсек нұр үстіне ,нұр болар еді. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. «Балабақшадағы үштұғырлы тіл» жобасын басшылыққа алып келесі даму сатысында балабақша әкімшілігі мен педагогтар ұжымның бірлескен «Балалар тілдер әлемінде» атты бағдарлама құруға
болады Ауызекі сөйлеу курсы (дыбыстар, лексикалық минимум) тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын меңгерту.
Негізгі тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде әріптерді игерту болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай, яғни мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін жоғарылатуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ертегі тренингтер балабақшаларда жұмыс жасайтын тіл мамандарына балалармен жұмыста пайдалануға көмек болары сөзсіз. Педагогика саласын зерттеуші Т.Г.Браже «Құзырлылық-тек кәсіби білім ғана емес, ол тұлғаның мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті», – деп тұжырымдаған.
Біз — балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбиеге ынталандырудамыз. Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты. Мектепке дейінгі мекемдегі тәрбиеленушінің меңгеруіне түсінікті, әр түрлі тіл материалдарын қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың тілдерді үйрену уәждемесінің жоғары деңгейін қалыптастыруға жағдай құру (қазақша, орысша, ағылшынша). Шет тілін оңтайлы үйреніп, түйсінуге және сөйлеу аппараты дамуы мен қалыптасуы кезінде, мектепке дейінгі кіші жаста, яғни 3 жастан бастап балаларды тіл үйренуге тарту. Баланы тіл құралымен басқа тіл мәдениетіне және өз мәдениетін сезінуін қалыптастыру, өз тіліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Үш тілде оқыту – заман талабы. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамытудағы міндеттер:
Тіл үрдісіне қатысты психикалық қызметін дамыту (қабылдау, ақыл, ойлау) және тұлғалық сапасын дамыту (сезімдік, шығармашылық, әлеуметтік және тілдік);
Шет тілін меңгерудегі уәждемелік ықпалы болып табылатын, шетел тілін меңгерудегі қабілетін дамыту (тілдік естуін, еліктеулік қасиеттерін, тілдің ырғақтық құралдарын қолдану);
Балаларды тіл құралдарымен басқа тіл мәдениетін және туған елінің
мәдениетін тани білуге үйрету, баланың туған тіліне деген мақтаныш сезімін ояту;
— Бала бойында алған біліміне деген жауапкершіліктің қалыптасуы;
— Баланың шет тілінедегенқызығушылық құндылықтарының қалыптасуы;
Баланың құрдастарымен, ата-аналарымен, тәрбиешілермен немесе қоғамдық орындардағы қарым-қатынасты бірнеше тілде айта алуы.
Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктер талаптарына сәйкес болуына, әлеуеттік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеруде. Мектепке дейінгі балаға қатысты үш тілде оқыту әдістері «Баланы оқыта отырып табиғатына сәйкес жұмыс жаса, зиян келтірме» оқыту қағидасы башылыққа алынуда. Бағдарлама мектепке дейінгі білім берудегі тұтастай концептуалды жаңа моделін құру кезіндегі әлеуметтік-мәдени талаптарына жауапты. Барлық балалардың мүмкіншілігінше шет тілдерін меңгеру, білім алу, даму, тәрбиесіндегі бастапқы мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар оқыту жоспарында мектепке дейінгі кіші топтарда қызығушылығы бойынша үйірме қызметі арқылы еңгізудегі басты мәселерді ескеруде. Атап айтқанда: Бірінші – алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында қазіргі заманғы оқыту әдістерін ендірудегі инновациялық, технологиялық білім беру. Екінші – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудегі жүйелі ұсынысты нақты түрде өңдеу. Үшінші – мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру деңгейінде үш тілді енгізуді қамтамасыз ету. Осылай ғана тілдерді меңгерудің нағыз жүйесін құра аламыз –деген мәселелермен жұмыс жүргізілуде. Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес.
Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұратты іс. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру саласында үш тілдік жұмыста физикалық, интелекутуалды, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етілген яғни функционалды толық білім берудің құрама бөлігі: балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметі. Педагог ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған қызметтің бір түрі. Педагогтың білім, іскерлік және дағдының негізгі деңгейін игеруде балаларға қоятын талабы орынды, міндетті, қарым-қатынаспен және дамыту мен оқытуда көмек көрсетумен үздіксіз байланыста болатын педагогикалық қызмет үлгісі. Ең бастысы, бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып-білуге деген құлшыныстары артуда. Бұл, әрине, ең алдымен тәрбиешілердің, әдіскерлердің орасан еңбектерінің жемісі. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында балабақшада бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, үйірме жұмыстарының, ойын–сауықтар, ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылуда. Барлық іс-шараларда үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) міндетті түрде айқындап көрсете алды. Сонымен қатар ата-аналар үшін де топ қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасын тереңдету мақсатында сөздіктер үнемі қолданылу басшылыққа алынуда.
Педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы; — Алдын ала жобалаған оқу-тәрбиелеу үдерісін практикаға жүйелі және бірізді енгізу;
Практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасын құру қарастырылған. Балаларға үш тілді қатар меңгерудің маңызы зор. Осы жобаның құрылымымен ұйымдастырылған іс-әрекеттердің барысында әрбір баланың жүйелі ойлауына және шығармашылықпен еңбектенуіне асыл қасиеттерді игеруіне жол ашады. Баланың жалпы азаматтық, жан-жақты дамыған тұлға және ішкі жан-дүниесі қалыптасып өзін-өзі танып, оның негізінде айнала қоршаган ортаға деген өз көзқарасын дамытатын білім беру өте қажет деп есептелінеді. Балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану бала танымын жан жақты дамытудың шешуші құралы. Мысалы: мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланып, оқу іс әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіншілік беруде. Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты көп мәдениетті, шығармашыл, көп тілді білетін әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру үшін ұстаз өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс. Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе. Олай болса келешек ұрпағымыздың жан жақты, терең білімді, яғни интеллектуалды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеу нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі — ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз
Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе. Олай болса келешек ұрпағымыздың жан жақты, терең білімді, яғни интеллектуалды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеу нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымы. Мектеп жасына дейінгі баланың үш тілді толық білсе әрине ол бір белеске жеткені ғой.
Қазіргі заман талабына сай ұрпақтың үш тілді білудің өзі бір ғанибет . Үш тілді толық меңгерсек заманға сай меңгеріп мақсат қойып мақсатқа жетеміз.