ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – БОЛАШАҒЫМНЫҢ ТАҒДЫРЫ

Текен Хуралай,
Акмола облысы,Буланды ауданы
«Балдырған» мектеп — балабақшасы

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр.

Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын Президентіміздің «Қазақстан — 2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан азаматтары 2025 жылға дейін үштұғырлы тілді меңгеру керектігі, білім арқылы интеграциялану үшін ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған болатын.

Сондықтан да Елбасы Жолдауының басымдықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар қалыптастыру. Біз тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық! –деп елбасымыз айтқандай қай заманда қай кезде болсын бірнеше тілді меңгерген халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте отырып, ел іргесінің тыныштығы мен бибітшілігін басты назарда ұстаған. Үш тілді қатар меңгеру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіні сөзсіз. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл-елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады. – «Үштұғырлы тіл» саясаты – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл-ақылдың өлшемі ,ұлттың жаны» -деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ,елдің елдігін де бірлігін де айқындайтын тіл екендігі белгілі.

Бүгінгі күні ,үшінші мың жылдықтың есігін ашып XXI ғасыр табалдырығын аттап кірген шақта , Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы , шығар биігі саяси- экономикалық жағдайлармен қатар оның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз жан – тәнімізбен сезініп ,терең түсінеміз.

Ана тілін қадірлей отырып ,өзге тілді білуге ұмтылу-уақыт талабы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру жүйесінде үш тілдікті тұғырлы тілді үйрету біздің міндетіміз.Тілдердің үштұғырлы саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес,өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді меңгеру ,өз қоғам білімін дамыту.

Дамытсақ орыс тілін үйренеміз,ағылшын тілі жаһандану экономикамыздың дамуының қайнар көзі деп атауға болады.Үш тілді қатар білу бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ ұлт болашағының тағдыры тірегі. Үш тілді оқыту — заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтып өткендей, болашақта еліміздің дамып өркендеуіне жас ұрпақтың үш тілді игергені жөн.

Казіргі таңда біздің балабақшада қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бүлдіршіндердің санасына титтейінен сіңіріп жатқан аудандағы балабақшамыздың қызметі жайлы әңгімелесек.Осы орайда тәрбиешілер бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі екендігін үндеуінде атап көрсетті.

Ақмола облысы Бұланды ауданы «Балдырған» мектеп — балабақшасында тәрбиемен оқыту жүйесінде үш тілдіктің негізгі бағыттарын анықтау,үштілдіктің психолог-педагогикалық аспектілерін жетілдіруде практикалық ұсынбаларды әзірлеуде.Әлемдік білім беру кеңістігінде көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі бәсекеге қабілетті білімді ел маман даярлау құралы ретінде қолдану дамыту барысында жоспар жасауда.Сол бойынша үш тілдікті үйренуге жұмыс жасаудамыз.

«Үштілдік-достық пен келісімнің тірегі» үш тілдікте мақал сайысы өтеді.

«Үштілдік – кемел болашақтың тұғыры», «Үш тұғырлы тіл-елдігіміз бен бірлігіміз тірегі» тақырыбында үш тілде тақпақтар сайысы .

«Let’s speak English» ағылшынша сөйлейік ,күнделікті оқу іс-әрекетімізді де поливингвальдік тілде жас буындарға үш тілде үйретудеміз.

Әрбір жас буынды кәзіргі таңда үштілдікте үйрете білсек болашағымыздың жаһандану кезінде экономикамыздың дамуына ,білімді ел болуымызға 30 елдің қатарына қосылуына бірде-бір қайнар көзі бұлағы деп білемін.Ұлт болашағы жас буындардың тағдыры тірегі. Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ.

Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады.

Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілі білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *