МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҮШТІЛДІ КӨП МӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Токсеитова Жазира Керимовна,
Ақмола облысы Атбасар қаласы
№5 «Алтын бесік»
балабақшасының тәрбиешісі

«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» Абай.

 

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жастарды азаматтықпен елжандылыққа , өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттері жөнінде нақты айтылған. Біздің мемлекетте әр түрлі халықтар тұрады.

Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын – тіл болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Ал 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: Бүкіл қоғамымыздытоптастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыруқажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», – деді. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақтілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаhандық экономикаға ойдағыдай кіруге тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру  жүйесін   жаңаша   өркендетіп   оқыту,  тәрбие   үрдісін   жетілдіруді   талап   етіп   отыр.

Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде,оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен       саяси-экономикалық,       мәдени       қатынастарды       қалыптастыруы,       Қазақстан

Республикасының  Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің ролін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейтетүсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді.Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халықпен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайынарта түсуде. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жолашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілікберетін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білімсаласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде де қолданылады.

Қазіргі балабақшада    дәстүрлі білім беру қызметін атқарумен шектелмейді, оның қызметі кеңейіп отыр. Атап айтқанда, мектепте дейінгі жас ұрпаққа үштілді үйретуЕлбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  «Үш тұғырлы тіл саясаты»      жүзеге асырылады. Балабақшаларда балалары білімді ана тілі – мемлекеттік тілде алса,сонымен қатар үштілді менгеру керек. . Осы тұрғыда біз алдымызға мақсат қойып, оқып отырған шет тілін тек оқулықпен оқытуға шектелмей, қазіргі жаңа оқыту технологияларының    негізінде әдістер арқылы жүзеге асыру қажет. Ел мен ел, халық пен халық жиі араласып, халықаралық қатынастар ерекше көтеріліп жатқан қазіргі таңда дүние жүзінің әлеуметтік мәдени талап тілегіне орай бірнеше тілді қатысымдық құзыреттілікті дамыту күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Адамдар ең бірінші бір- бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды дейтін болсақ, сол тіл арқылы түрлі мәдениеттер арасындағы тілдесу диалогпен өркендейді.Тіл-әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі  қарым-қатынас  құралы.  Қазіргі   заманғы   инновациялық  технология  бүгінгі  күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ » – деп атап өткен Елбасы бала жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі –ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтанбіз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», деді Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз » атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін детерең меңгеруі керек. Жалпы білім беретін орта балабақшаға шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде балаларды өзбетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандырукөзделеді. Жеке тұлғаның мәнді іс-әрекеті процесін ескере отырып білім беру көзделуде. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы, балабақшаларда ашылуда. Қазіргі кезде шет тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтікмақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске   асыру.   Интеграция   тұтастықты   қалыптастырып,  білімді   жүйелеу   мен   жинақтауда ғылымдарды біріктіреді.  Үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді: үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану, заманауи интерактивтік  және  иновациялық  технологияларды  қолдану,  үш  тілде  де  қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету, балабақша тәрбиенелеушіге тілдік қабілетін толық ашу, сөздік қорын молайтуда , танымдық қызығушылығын дамыту Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы «Болашақтың     іргесін    бірге    қалаймыз»жолдауында     «өмір      бойы    білім     алу»      әрбір қазақстандықтың жекекредосына айналуытиіс» деген.

Көптілді оқыту – мектепке деиінгі жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауынажол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуынамүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Еліміздегі жүріп жатқан өзгерістердің мәнін пайымдау бірінен бұрын жастарды тәрбиелеп отырған ұстаздарға жүктейді. Елбасымыздың жолдауында көреткендей казіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, тарихын білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *