Денелердің жүзу шарттары

Денелердің жүзу шарттары

 

Әр түрлі материалдан жасалған денелерді сұйық ішіне батырайық. Сұйық ішіндегі денеге екі күштік төмен бағытталған ауырлық күші F= mg (m — дененің массасы) және тік жоғары бағытталған Архимед күші Fа=mы.с.g(mы.с.-дене ығыстырған сұйықтың немесе газдың массасы) әрекет етеді. Дененің массасы mд = ρдVд, ал ығыстырылған сұйықтың массасы mы.с.= ρсVы.с. екенін ескерейік.

Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең, яғни FА= Fа болады (1, а-сурет). Жүзу кезінде дененің вертикаль бойымен орын ауыстыру жылдамдығы өзгермейді. Сонымен сұйық ішінде жүзіп жүретін дене үшін FА= Fа, немесе ρдgVд = ρсgVы.с. теңдігі орынды болады. Ығыстырылған сұйықтың көлемі дененің көлеміне тең екендігін (Vд = Vы.с.) ескере отырып, бірдей шамаларды қысқартқаннан кейін ρд = ρс аламыз. Сонымен дене сұйық ішіне толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда дене материалының тығыздығы сұйықтың тығыздығына тең болады.

Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық, ягни Fа > FА болса, онда дене сұйыққа батады. Онда ρдgVд > ρсgVд немесе ρд > ρс болғаны. Бұдан егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, онда дене сұйық түбіне шөгеді (1, ә-сурет). Егер ауырлық күші архимед күшінен. кем, ягни Fа < FА болса,онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі (1, б-сурет). Дене сұйық бетінде жүзуі үшін ығыстырылған сұйықтық көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміне тең болады: Vб.б. = Vы.с.— дененің батқан бөлігінің көлемі. Дененің жүзуі кезінде Fа = FА онда ρдgVд = ρсgVб.б. немесе ρдVд = ρсVб.б., ал бұдан

Сонымен, егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығына қарағанда неғұрлым аз болса, оның сұйыққа соғұрлым аз бөлігі батады. Дене материалының тығыздығы сұйық тығыздығына жақын болса, дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады. Мысалы, мұздың тығыздығы 900 кг/м3, ал судың тығыздығы ρс=1000 кг/ м³. Бұдан , мұздың оннан тоғыз бөлігі су ішінде болады (2-сурет). Тоңазытқыштарыңнан мұздың кішкентай кесегі табылса, мұны тәжірибе жасап, өздерің де тексеріп көрулеріңе болады. Сонымен дененің сұйық ішінде жүзіп жүруі, доп сияқты оның бетіне қалқып шығуы, батып кетуі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады екен. Енді суда жүзуге тоқталайық. Адам денесінің орташа тығыздығы 1036 кг/ м³, Бұл тұщы судың тығыздығынан сәл ғана көп. Адам аздап малти білсе, онда су да оның жүзуіне себептесіп, ауырлық күші архимед күшін теңгереді. Мысалы, адамның массасы 50 кг болсын делік. Онда адамға әрекет ететін ауырлық күші Fа = mg = 50 кг * 9,8 Н/ кг = 490 Н. Адам денесінің көлемі = 50 кг/1036 кг/ м³ = 0,048м³ Тұщы суда адам денесіне әрекет ететін архимед күші FА = ρVg = 1000 кг/ м³*048 м³*9,8 Н/ кг = 470 Н Бұл шама ауырлық күшінен бар болғаны 20 Н-ға аз. Алайда мұндай есептеулер адамның денесі толық суға толық батқан кезде дұрыс болады.Теңіз суының тығыздығы адам денесінің орташа тығыздығына жақындау, сондықтан тұщы көл суына қарағанда, теңізде жүзу оңайырақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *