АЛЬФА-ЫДЫРАУ

   АЛЬФА-ЫДЫРАУ — атом ядроларының өздігінен радиоактивті ыдырауы кезінде а- бөлшектерді шығаруы. А.-ы. кезінде аналық ядроның массалык саны (А) 4 бірлікке, ал заряды (Z) яғни протондар саны 2 бірлікке кемиді. А.-ы. теориясы бөлшектердің потенциалдык тосқауыл арқылы өтетіндігін (к. Туннельдік эффект) сипаттайтын кванттық механика тұжырымына негізделген. Бұл теорияны Америка физигі Г. Гамов (1904 — 68) дамытқан. А.-ы-дың болу ықтималдығы тосқауылдың өтімділігіне пропорционал, яғни ядродағы αбөлшектің кинетикалык энергиясы неғұрлым үлкен болса, тосқауылдың өтімділігі де соғұрлым жоғары болады. Сондай-ақ А.-ы-дың болу ықтималдығы ядро мөлшеріне және ядрода а-бөлшектің түзілу ықтималдығына да тәуелді. Элементтердің периодтық жүйесінде қорғасыннан кейін орналасқан жүздеген α- радиоактивті ядролар белгілі. α -радиоактивті ядролардың өмір сүру уақыты (жартылай ыдырау периоды) 3 • 10-27 с- тен (212 Ро үшін) (2 — 5) • 1015 жылға ( 142 Се, 144 Nd, 174 Нf үшін) дейінгі аралықты қамтиды. Ауыр радиоактивті ядролардан шығатын α-бөлшектің энергиясы 4 — 9 МэВ-ке, жерде сирек кездесетін элементтерден шығатын α- бөлшектердің энергиясы 2 — МэВ-ке тең. А.-ы. кезінде еншілес ядро көптеген энергетикалық деңгейлері бар қозған күйде болуы мүмкін. Онда аналық ядродан ұшып шыққан альфа-бөлшектердің энергиясы да әр түрлі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *