Сөз қолданым

Сөз қолданымсөйлеу не жазу процесінде сөз таңдау, қолдану принципі, сондай-ақ әдеби тілнормалары тұрғысынан сөз жұмсаудың ережелері мен заңдылықтары. Сөз қолданымның әдеби нормалары сөзді дұрыс (мағыналық жағынан дәл, стилистикалық жағынан ойға қонымды) таңдаумен, сондай-ақ сөздердің грамматикалық тұрғыдан да, стилистикалық тұрғыдан да қатесіз тіркесуімен тығыз байланысты. Демек, ойды мүлтіксіз жеткізу үшін грамматикалық тұлға мен мазмұнның сәйкестігін сақтау талап етіледі. Сөз қолданым талаптарын дұрыс сақтау үшін ол талаптарды бұзудан кететін қателіктерді ескеру қажеттігі туады. Ал тәжірибеде ондай кемшіліктердің бірталайы кездесіп отырады. Мағыналары жуық сөздер мен сөз тіркестерін (синонимдерді) пайдаланғанда, сол синонимдік қатардағы сөздердің белгілі ойды беруде қайсысының ұтымды екенін білу керек. Айталық, шал, ақсақал, қарт, кәрі деген сөздердің ішінен жасы егде адамдардың біреуімен әңгіме-дүкен құрып тұрғанда, «ақсақал» сөзін қолданысқа түсірген жөн. Функциональдық стильдердің бірінде қолданылатын сөзді екіншісінде орынсыз жұмсау да қателік болады. Мысалы, құрметті ханымдар мен мырзалар деп, көпшілік алдында үлкен бас қосуды ашар сәтте немесе ресми жиналыстарда айтуға болады, ал тұрмыс жағдайында, үй ішінде бұлайша сөйлеу күлкі туғызады немесе тыңдаушыға кекетінді әсер етеді. Сол сияқты, әлде бір мерекелік конференцияны немесе симпозиумды ашу ыңғайында қадірлі ағаларым мен апаларым, інілерім мен қарындастарым, жанымдай жақсы көретін әріптестерім, құрдастарым деген сияқты, шұбырта жөнелу публицистикалық немесе ғылыми стильгежатпайды. Мағыналары бір сөздерді жарыстыра қолданудан сақ болған да жөн. Әсіресе, әріптестерім әрі қызметтестерім, коллегаларым деп санамалап, дублеттерді тізіп шығу орынсыз қайталудан (тавтологиядан) кететін қателік болып есептеледі. Қазақ тілінде сөйлейтін азаматтардың көпшілігі варваризмге орын береді. Бұл — басқа тілдерден (әсіресе, орыс тілінен) аудармасы бар сөздерді не өзінің әдеті болғандықтан, не байқамағандықтан орынсыз енгізу. Әдеттегі ауызекі сөйлеу жағдайында экзамен, зачет, сдавать ету, принимать ету тәрізді тұлғалық жағынан да қате, айтылуы да қате сөздер араласып жүреді. Тілдің тазалығы жазба тілде ғана емес, ауызекі тілде де назарда болуға тиіс. Жалпы, сөз қолданым мәселелері бүгінгі таңда тіл білімінің белді саласына айналып бара жатқан тіл мәдениеті мәселелеріне тікелей байланысты.[

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *