Шумер және Вавилон әдебиеті
Шумер және Вавилонның әдебиетін әлемнің ең көне әдебиеті деп айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуіне орай, ең алғашқы қолжазбалар іскери құжаттар болған. Дегенмен, одан өзге ежелгі поэзия мен көне аңыз-әңгімелер легі бізге дейін сақталған. Солардың ішіндегі толық нұсқасымен жеткені «Гильгамеш туралы аңыз» эпосы болып табылады.
Ең ежелгі шумерлік және вавилондық мәтіндер б.з.б. IV-III мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл тіркеу тізімдері, әнұран жазбалары, мақалдар, жаңылтпаштар мен аңыз-әңгімелерден тұратын қарапайым нұсқалар. Б.з.б. III-II мыңжылдықтан «Ниппур ережелері» деп аталатын 87 әдеби мәтіннен тұратын аңыздар жинағы сақталып қалған. Тура сол кезеңде «Гильгамеш туралы аңыздың» көне вавилондық нұсқасы жазылды. Б.з.б. II мыңжылдыққа орай әдеби ескерткіштер аккад тілінде жазыла бастады. Сол кезеңде аккад тілі негізгі тілдердің біріне айналды. Ал б.з.б. I мыңжылдыққа келіп Гильгамештің негізгі бізге жеткен нұсқасы жазып қалдырылды. Түпнұсқа б.з.б. VII ғасырда Ассирия патшасы Ашурбанипалдың айтуымен салынған кітапханада сақталған (1849 жылы табылды).
Ежелгі Вавилонның күйреуі
Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін жүздеген жылдар өтті. «Вавилон» жері ұзақ уақыт Ассирияға бағынышты болып келді. Ал б.з.б. VII ғасырда «Вавилон» тəуелсіздігін алып, қайта гүлденді. Ол, əсіресе б.з.б. 604 — 562 жылдары билік еткен «Навуходоносор» патшаның кезінде көркею шегіне жетті. Оның билігі кезінде «Вавилон» ең əсем қала ретінде бүкіл əлемге əйгілі болды. Алыстан шағын ғана көгілдір жазық бұлдырап көрінеді. Бірітіндеп жақындай келе жолаушы оның жер мен көктің арасындағы əйгілі «Аспалы бақ» екенін көріп, таңдана да, тамсана да қарап қалатын. Одан көз ала бере жолаушы қаланың биік қамалының ар жағынан көкке таласа өрлеп тұрған зəулім мұнараны көреді. Бұл екі көріністен көңілі қамшы басқан оның алдынан үлкен канал кездеседі. Бұл — суы қамалды қоршай ағып, қаланы жаудан қорғап жатқан əрі терең, əру кең канал. Қала қамалын айнала жүрген адам, оның жүз қақпасы бар екенін көретін еді