Вавилонның өрлеуі
Урдың III əулетінің билігі кұлағаннан кейін Қосөзенде ұзақ уақыт қырқысу соғыстары болып тұрды. Елдің оңтүстігінде Элам өктемдігі басымдау болса, солтүстіктен ассириялықтар шапқыншылықтар жасап отырды. Осындай жағдайда басқа қалалардың ішінде ерекшелене бастаған Вавилон қаласы болды. Аккад тіліндегі бабилу — құдайға барар қақпа деген ұғымды білдіреді. Өйткені қала керуен жолдарының қиылысқан жерінде орналасты. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері де Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жататын. Бұның бəрі Қосөзеннің басқа қалаларының арасында Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Оның артықшылығы, əсіресе Хаммурапиатты билеушінің тұсында айқын көрінді.
Хаммурапи туралы мəлімет
«Хаммурапи» б.з.б. 1792 — 1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол өзінің іс-əрекеттері нəтижесінде ежелгі дүниедегі талантты елбасылардың қатарына қосылды. Хаммурапи қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды. Сөйтіп, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылады. Хаммурапи ол елдерлің құдіретті билеушісіне айналды
Хаммурапи заңдары
«Хаммурапи» елде біріңғай тəртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып зерттеген. Адам бойынан да биік ол тастың жоғары жағына сурет салынған. Суретте ақ сақалды, басында сəлдеге ұқсас бас киімі бар Күн құдайы бейнеленген. Ол салтанатты тақта отыр. Екі иығынан сəуле шашып тұр. Оң қолында биліктің асатаяғы мен заңдар жинағы. Күн құдайы бұларды Хаммурапиге ұсынып тұр. Хаммурапи оның алдында сол қолымен тағзым ете кеудесін басып, тікесінен тік тұр.