АЛЬТАМИРА — жоғарғы палеолит дәуірінен сақталған үңгір. Испаниядағы Сантандер қ-ның оңт-нде, Пиреней мүйісіне орналасқан. Көне дүние тарихымен әуестенуші Марселико де Саутуолой 1875 ж. үңгір ішіне сұғына еніп, ежелгі адамдар тұрағының іздерін тапты. 1879 ж. үңгір төбесіне салынған суреттер табылды. Онда жоғары палеолит кезеңіне жататын бизондар мен басқа да аңдардың табыны (ұз. 2,25 м) бейнеленген. А. үңгіріндегі табылған таңбалар алғашқы қауымдық қоғам адамдары танымы мен мәдениетінің даму деңгейінен мағлұмат береді.