Самарқан

Самарқан (өз. Samarqand) — Өзбекстан Республикасындағы ежелгі қала, өзі аттас облыс орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Халқы 504 мың (2015). Біздің заманымыздан 4 ғасырда Марканд деген атпен белгілі болды. Біздің заманымыздан 330 ж. Ескендір Зұлқарнайын жаулап алып, өз мемлекетінің құрамына енгізді. Біздің заманымыздан . 1 ғасырдан біздің заманымыз 4 ғасырға дейінгі аралықта Кушан патшалығының ірі саудаорталығы болды. 4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасы болды. Самарқанды 8 ғасырдың басында арабтар, 9 ғасырда Самани әулеті, 11 ғасырда Қарахан әулеті, одан соң түрік салжұқтары, 12 ғасырдың орта шенінде қидандар басып алды. 13 ғасырдың бас кезінде Хорезмшаһтары билік етті. 1220 ж. Шыңғыс ханәскерлері жаулап алды. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің астанасы болды. 1500 ж. Шайбани мемлекетінің, 16 ғасырдың аяғында Бұхар хандығыныңқұрамына кірді. 1868 ж. патшалық Ресей әскерлері басып алды да, Ресей империясыныңқарауына енді. 1924 — 30 ж. Өзбекстанныңастанасы болды. 1938 жылдан облыс орталығы. 1970 ж. қазанда Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтілді. Самарқаның ежелгі Афрасиаб атанған солтүстік-шығыс бөлігінде қала тарихының мұражайы, Шаһи Зинда ғимараты, Бибі ханым мешіті сияқты тамаша сәулет ескерткіштері шоғырланған. Ескі Самарқанның орталығында Регистан, одан оңтүстікке қарай Гүр Әмір, Ақсарай,Рухабат; оңтүстік-шығысында Ишарат хан мазарлары, т.б. орналасқан. Самарқанда Жалаңтөс Баһадүр салдырған “Ширдор” медресесі өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Онда машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп фабрикасы, химиялық комбинат, 4 театр, 6 жоғары оқу орны бар.
С. Рүстемов

 

  1. Самарқан — көне қалалардың бірі, біздің заманымызға дейін 700 жылдары құрылды. Әмір Темір империясында астанасы болған. 1924 — 1929 жылдары — Өзбек КСР-інің астанасы болған. Қазіргі таңда Самарқан уалаятының орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *