Тәжікстан әдебиеті және шығармашылығы

Әдебиеті

Тәжікстан әдебиеті қазіргі Иран, Ауғанстан және Орталық Азияны мекендеген иран тілдес (парсы-тәжік) халықтардың жазба ескерткіштеріндесақталған үлгілерден құралады. 9 – 20 ғасырлар аралығында тәжіктің классикалық әдебиеті пайда болды. Оны үш дәуірге бөлуге болады: 1) 9 – 15 ғасырлардағы иран-тәжік әдебиеті; 2) 16 – 19 ғасырлардың 1-жартысы аралығында Орталық Азияда қалыптасқан әдебиет; 3) 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығын қамтитын тәжіктің ағартушылық әдебиеті. 9 – 10 ғасырлар Тәжік поэзиясы үшін “алтын ғасыр”болып есептеледі. Бұл кезде Рудаки, Әбу-л-Хасан Кисай (953 – 1002), Әбу Шакур Балхи (915 – өлген жылы белгісіз), Дакики (туған жылы белгісіз – 977) секілді ірі ақындар шықты. Ә.Фирдоуси (940 – 1020) өзінің атақты “Шахнамасын” жазды. 10 ғасырда әдеби орталық Ғазғана көшкен кезде Ә.Унсури (туған жылы белгісіз – 1039), Фаррухи (туған жылы белгісіз – 1038), т.б. талантты ақындар шықты. 12 ғасырда Омар Һайям (1048 – 1122) рубаиларымен ерекше көзге түсті. 15 ғасырда Ә.Жәми (1414 – 92), т.б. ақындар шықты. 16 – 19 ғасырлардағы тәжік әдебиеті басқа парсы тілдес әдебиеттерден бөлек дамыды. Бұл кезде Сайидо Насафи (туған жылы белгісіз – 1709), Фитрат Зардуз (1660 – өлген жылы белгісіз) сияқты ақындар өз шығармаларымен танылды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығында әдебиетте ағартушылық идея басым болды. Бұл бағытты Ахмад Дониш (1826 – 97), Р.Возех (1818 – 94), т.б. қаламгерлер бастады. 20 ғасырдың басында ағартушылық идеяны С.Айни (1878 – 1954), Т.Асири (1864 – 1916), т.б. ақын-жазушылар дамытты. Кеңестік дәуірде Пайров Сулаймони, Джылы Икрами, А.Дехоти, М.Миршакар, Ә.Лахтуди, М.Турсун-заде, Ф.Ниязи, Г.Абдулло, т.б. ақын-жазушылар шығармалары арқылы танылды. Бүгінгі таңдағы Тәжікстандағы әдеби өмірде тәуелсіздікке, елдің тарихына арналған шығармалар көптеп жарық көруде.

 

ШаруашылығыӨңдеу

Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық-әлеуметтік байланыстардың үзілуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалық тығырыққа алып келді. Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалды. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіпте айқын байқалды. Нарықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасы қалпына келу үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 2008 жылғы мәліметтер бойынша, Тәжікстанның ЖЮ-нің жалпы мөлшері 5,05 миллиард АҚШ доллары, оның 30%-ы енеркәсіптің, 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалған 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.

Өнеркәсібінің жетекші саласы электр энергиясын өндіру болып табылады. Елдегі аса зор гидроэнергетикалық қордың бар болғаны 5%-ы ғана пайдаланылады. Олар — Вахш өзеніндегі Нүрек, Рогун СЭС-і. Біртұтас энергия жүйесінен ажырап қалғандықтан, өндірілген энергия тек өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Сондықтан энергияны көп қажет ететін Тұрсынзада қаласындағы алюминий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *