Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыжерімен ағады.
Бастауы
Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км2, Қазақстан аумағында 77400 км2. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұмаралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км2. Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.
Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км3, Балқашқа құятыны 11,85 км3. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мг/л.
Өзенде балықшылардың балық аулаудағы ең танымал түрі — судағы ірі жыртқыш мысықтарды аулау, ұзындығы 5 метр және салмағы 300 келі. Іле өзенінде 50-100 кг-ға дейінгі кішігірім мысықбалықтар ұсталады. Жазда жауын-шашын мөлшері 150-250 текше метрге жетеді. Іле өзені Қазақстанда судың мөлшері бойынша Ертіс пен Жайық өзендерінен кейін үшінші орында.
Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 – 4,5 км3/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн. м3/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қаласынан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.[2]
Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.
Салалар
Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады.