Лау Шаң (Лаошань)– Ғұндар мемлекетініңбилеушісі.[1]
Лаошань, Лаошань Гиюй – б.з.б. 174 – 161 ж. Ғұндар мемлекетінің билеушісі, тәңірқұты(шаньюй). Әкесі Мөде қайтыс болғаннан кейін билікке келген. 166 ж. 140 мың қолмен Қытайдышауып, Қытай жыл сайын салық төлеп тұратын болды. 165 ж. Жетісудағы үйсіндердібағындырды. 161 ж. Лаошань үйсіндердің Іле—Жетісу өңіріндегі ұлы иозыларға жорық жасауын қолдады.