Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы Қытай деректер
Б.з.д. I мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Б.з.д. V ғасырдың соңында Орталық Азияда көшпелілердің күшті бірлестігі — ғүндар (қыт. “сюнну”) мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық жөне Батыс Моңғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды. Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп: “Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) — түтін саны 400 мың; өскері 100 мың, олар көшпелі мемлекет, мал жайылымы жағдайына карай көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсас”, — деп көрсетеді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңында олар Ганьсу провинциясының оңтүстік- батысын иемденген. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғұндарды алғаш рет атайды. Ғұндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең қүлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер: “Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен” деген пікірлер айтады. Б.з.д. IV—III ғасырларда ғүндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Ғұндардың гүлденуі
Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғүндар мемлекетін әскери басшы тәңірқуты (шаньюй) баскарды. Бір замандарда ғұндарды Тұман тәңірқұты басқарды. Оның екі әйелінен туған екі тақ мұрагері болған еді. Тұман екі баласының біреуі — Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп қалай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юэчжилерге тәуелді болғандығын, сондықтан юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байқалады. Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, қатаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. “Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің “ысқыратын жебесін” (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырғын жебелер жаудың зәресін ұшырып, олардың аттарын үркітті… Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді”. С. Цянь гұндар туралы осылайша баяндайды. Б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты осылайша төңкеріс жолымен билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Ол б.з.д. 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ғұндардың ұзақ уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрық береді. Ал Хань әскері жауды куалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың өзі де бар еді. Ғұндар шегінуін тоқтатып, төртке бөлінген атты әскер бөлімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император кытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы “тыныштық пен туыстық” туралы шартқа қол қоюы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сөйтіп ғұн мен Хань әулеті арасында 40 жылға тыныштық орнайды. Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Оның мемлекеті Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқүты түсында Ғүн мемлекетінің қүдіреті күшейе түсті. Бұдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.