ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АРХЕОЛОГИЯ ХАБАР 24 ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Қарағандылық археологтар қола дәуіріне тиесілі жәдігерлерге тап болды.

Қарағанды облысында қазба жұмыстарымен айналысып жатқан археологтар қола дәуіріне тиесілі бірегей олжаларға тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тұрмыстық және мәдени заттар тарихтан сыр шертеді. Ғалымдар Талды өзені маңындағы қорымдарды да зерттеп көрмек. Мына табылған әйел адамға тиесілі әшекей заттардың осында көмілгеніне кемі 3,5 мың жыл болғанға ұқсайды. Тағылған бұйымдарға қарағанда мүрде ел ішінде абыройлы болған басқарушының жұбайы не қызы болса керек. Себебі басынан аяғына дейін алтынмен апталып, күміспен қапталыпты. Игорь Кукушкин, археолог: – Әдетте осындай қазбалар тым бөлшектеліп табылып, оның қай кезеңге тиесілі екенін анықтай алмай жататынбыз. Ал мына Орталық Қазақстанда табылып отырған қазба түгелімен сақталған. Сәкесінше біз толық тарихи талдау жасай алатын боламыз.

Мысалы, ғалымдар мына бұйымды бірінші рет көріп отырғандарын айтады. 200 грамнан асатын қола деталь осы маңдағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Әзірге оның нақты қандай мақсатта пайдаланылғаны белгісіз. Тек болжам ғана бар.   Виктор Варфоломеев, археолог: – Бұл шамамен айналып тұратын құрылғы болған. Осындай құрылғыларды жасап шығу техникасының өзі орталық өңірде темірді кең түрде пайдаланғанын көрсетеді. Және сол кезге тән айтарлықтай жоғарғы технология пайдаланылған. Жалпы алғанда осында 120-ға жуық зергерлік бұйым мен қалдықтар табылып отыр. Оның 80-і таза қоладан жасалған. Олардың барлығы біздің дәуірімізге дейінгі 17-16 ғасыр, яғни қола дәуіріне тиесілі. Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *